Новости Атырау - Мунайлы Астана

      22 января 2019, 3:19
        Экономика 13.07.2016, 16:37 0 пікір 2079 просмотров

        Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі артқан

        Кеше Атырау өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімімен бекітілген кестеге сәйкес Индер ауданы әкімі Серік АРЫСТАН 2016 жылдың І жартыжылдықтың қорытындысын баяндау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті.


        Қойнауы кенге бай Индер ауданында 7 округ, 14 елді мекен бар, халық саны 32 265 адам. Экономикалық белсенді халық саны 16079 адамды құрайды. Өңірде атқарылып жатқан жұмыс ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша  таңдаған бағыты сәтті іске асырылып келе жатқандығын дәлелдейді.

        Индер ауданы экономикасы негізгі 3 бағыт, атап айтқанда тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлік саласы бойынша дамып келеді. Дәл осы 3 бағыт негізінде аудан әкімі егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

        –     Ауданның өнеркәсіптік саясаты Индербор кентінде қалыптасқан, яғни мұнда

        шешуші өндірістік қуаттар орналасқан. Өндірілетін өнеркәсіптік өнімінің жалпы көлемінен 98,2 пайыз келетін үлесін «ИСИ Гипс Индер», «ПромСтройЦентрСервис», «Тұз» ЖШС сынды орта өнеркәсіптік кәсіпорындар қалыптастырады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2016 жылдың қаңтар-маусым айларында қолданыстағы бағамен 763,2 млн. теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22,6 пайыздық өсім бар, нақты көлем индексі 126,9 пайызды құрады. Құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын «BIAS TECH» ЖШС-нің зауыты қаржылық қиындылықтарға байланысты 2014 жылдың қараша айынан бастап жұмысы тоқталып тұр. Жалпы ауданда «ИСИ Гипс Индер» - гипсокартон, «ПромСтройЦентрСервис» ЖШС - гипсоблок, құрғақ құрылыс қоспалары және бөлмеаралық плиталарды, «Тұз» ЖШС-і – техникалық және ас тұзды, «Үш Есен» ЖШС – құмды малтатасты қоспаларды,  «Еркор» ЖШС – құмды қиыршық тас топырағын, «ҚАЖ» ЖШС – құмды қиыршық тас топырағын өндіреді, - деді аудан әкімі Серік Арыстан.

        Ауданның әлеуметтік және экономикалық әл-ауқатының негізі, оның негізгі басымдықты байлығы – аграрлық сектормен байланысты болса, Индер ауданындағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 18,3 пайызға артып, 1 млрд. 831 млн. теңгені құрады. 

        Индер ауданы әкімінің айтуынша, агроөнеркәсіп кешенін қолдауға ауданға биыл бюджеттен  66 млн. 586 мың теңге көлемінде субсидия мен трансферттер бөлінген. Оның ішінде «Алға – 1» шаруа қожалығына шұбат, қымыз өндіргені үшін 3 млн. 706 мың теңге, «Айдашев», «Ұлжан», «Райымбек», «Ақ Жол», «Нұрлыбек», «Арсен» сынды 6 шаруа қожалыққа мал басын түрлендіру жұмыстарын және асыл тұқымды малдарды сатып алғаны үшін 4 млн. 188,0 мың теңге көлемінде субсидия төленді.

        Үстіміздегі жылы егілген ауыл шаруашылық дақылдар көлемі 195 гектарға

        немесе 18,2 пайызға артып,  барлығы 1258 гектар жерге егін салынды. Былтыр бұл көрсеткіш – 1073 гектар болатын.  Тамшылатып суару әдісімен 2015 жылы 11 шаруа қожалығы 175 гектарға егін ексе, биылғы жылы 11 шаруа қожалық 250 гектарға тамшылатып суару әдісімен егін екті. 

        Мал басының санын көбейтуге «Сыбаға», «Құлан» «Алтын Асық» бағдарламалардың әсері мол. Индерліктер де аталған бағдарламалардың игілігін көруде.

        -       Өткен жылы 7 шаруашылық 1640 бас төрт түлік аналық және аталық малдарды

        сатып алса, биылғы жылы 973 басқа жоспар берілді, жыл аяғына дейін орындайтын боламыз. Есепті мерзімінде 2 шаруашылық 520 бас қой,  90 бас аналық, 3 бас аталық бұқа сатып алды.

        Мал өнімдерін өндіру бағытында кәсіпкерлер де өз үлесін қосуда. Биылғы жылы жеке кәсіпкер «Теміргалиева Г.» өз қаражаты есебінен ет өнімдерін дайындап, халыққа қол жетімді бағамен ұсыну бағытында жылына қуаттылығы 158 тонна болатын кент орталығынан екі қатарлы ет өнімдерін өндіретін цех салуды қолға алды.

        Ауданда барлық меншік түрлері бойынша есепті мерзімінде төрт түлік мал саны 157 729 бас құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға артты, - деді аудан басшысы.

         Тұрғындарды қолжетімді бағадағы ауыл шаруашылық өнімдерімен қамту – ауданда басты назарда. Бұл бағытта жыл басынан 23 рет жәрмеңке ұйымдастырылып, 7 053,1 мың теңгенің өнімі сатылған.

                    Ағымдағы жылы облыстық тұрақтандыру қорынан «Атырау Агросервис» ЖШС-нен ауданға бөлінген 133 тонна жоспардан көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдері тасымалданып, халыққа қол жетімді бағамен ұсынылды.

        Мемлекет тарапынан жүргізілген үлкен қолдаудың нәтижесінде Индер ауданында да шағын кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамуда. Оны аудан әкімі баяндамасынан анық байқауға болады.

        Аудан басшысының айтуынша,  осы жылдың қаңтар-маусым айларында аудандағы  субъектілерінің саны 1934, оның ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілердің саны 1834, ондағы жұмыспен қамтылғандардың саны  - 2385 адам. Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда шағын бизнес субъектілерінің саны 123-ке артып, оның ішінде белсенді субъектілердің саны 115-ке жетіп, жұмыс жасайтын адам саны 35-ке артқан.

        -       2016 жылға жоспарлаған «Бизнес Аймақ» бағдарламасы бойынша 3 адам

        барлығы 15,9 млн. теңге көлемінде несие алып, жұмыстарын бастауда. Нәтижесінде  10 жаңа жұмыс орны ашылды.

        «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік грантқа 3 жоба ұсынылды. Олар - Индербор кентінен «Астана» ШҚ «Мәдени сауықтандыру кешені» , «Серпін-1» ЖШС «Ағаш өнімінен тас өндіру», «Темиргалиева Г.Р» ЖК «Ет өнімдерін дайындау» жобалары. Бұл жобалар мақұлданған жағдайда қосымша 14 жаңа жұмыс орны ашылады.

        Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің  бір бөлігін субсидиялауға «Индербор кентінде мейрамхана құрылысын салу» жобасы Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің отырысымен мақұлданып, жобаны іске асыру үшін 20 млн. 300 мың теңге көлемінде несие берілді. Қазіргі таңда мейрамхана құрылысы жүргізіліп жатыр. Жоба аяқталғаннан кейін қосымша 5 жаңа жұмыс орны ашылады, - деді Серік Арыстан.

        Баяндама барысында аудан әкімі биылғы жылы ауданда 3 жобаны іске асыру жоспарлануда екендігін тілге тиек етті. Оның бірі – Индер ауданы Елтай ауылдық округінен Soltech Kazakhstan (Солтек Казахстан)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күн сәулесінен электр энергиясын өндіріп, сату жобасы. Екіншісі - «NAVA GRA (НАВА ГРА)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көкөніс, олардың тұқым мен көшеттерін өсіруге 1608 га жер телімін алып, құжаттары толық рәсімделген. Аталған  заңды тұлғалар жергілікті кірістер басқармасына тіркелген. Қызметкерлеріне жұмыс жасайтын орны дайын. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарын бастау үшін қажетті қаражатты Канада елінен күтуде. Келесі жоба - Көктоғай ауылынан «ТИКА» түрік компаниясы жылыжай құрылысын салу мақсатында 1 гектар көлемінде жер участкесін алып, қазіргі таңда құрылысын бастау үшін тендер жариялауда.

        Елдің негізгі табиғи байлығы – оның жер ресурстары, әрі ол елдің экономикалық және әлеуметтік игілігі, тіршілік көзі және негізгі өндіріс құралы екені өздеріңізге белгілі. Жер ресурстарын тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі. Аудан аумағының жалпы көлемі 1087596 гектарды құрайды. Оның ішінде 383613 гектары 329 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер пайдаланушыларға тиесілі. Ол ауданның жалпы көлемінің 35,2 пайызын құрайды. Қазіргі уақытта ауданның босалқы жер қоры 604855 гектарды құрайды, осы жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізуге мүмкіндік бар. Жер кодексінің 48 бабына сай, 2016 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беруде ұсыну бойынша конкурсқа жалпы  көлемі 20892 гектар 31 жер телімі түсіп, нәтижесінде 18 жер пайдаланушы жеңімпаз болып танылып, көлемі 17447 гектар жер телімі уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 10 жыл мерзімге табысталды.

        Аудан әкімі атап өткендей, аудан бойынша  кәсіпкерлік мақсаттардағы жерлерге жүргізілген түгендеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес көлемі 134,27 гектар 22 кәсіпкерлік мақсаттағы жерлер өз мақсатына сай пайдаланылмай отырғандығы анықталып, тиісті құжаттарымен қоса шарасын алу үшін аудандық прокуратураға жолданып, прокуратура тарапынан Атырау облысы жердің пайдаланылуымен қорғалуын бақылау басқармасына ұсыныс түсірілген. Жеті жер иесіне ескерту беріліп, қалған құжаттар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. 2013-2014 жылдары аралығында кәсіпкерлік мақсаттарға бөлініп өз мақсатына сай пайдаланылмай отырған көлемі  1,18 гектар болатын 3 жер жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған.

        Аудан бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, азаматтардың тұрмыс тіршілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік бағдарламалар табысты жүзеге асырылып келеді.

        Есепті кезең ішінде аудан бойынша 368 адам  тұрақты, 489 адам  уақытша

        қолдау болып табылатын ақылы қоғамдық жұмыс орындарына  жіберілген. Жыл басынан ашылған жаңа жұмыс орындарына  417 адам жұмысқа жолданды. Жаңадан ашылған жұмыс орындар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 119 жұмыс орнына көбейді.

        Өткен жылдың І жартыжылдығында жұмыссыздық деңгейі 3,9 пайыз болса, ағымдағы жылдың 1 шілдесіне  ресми  жұмыссыз тіркелген адам саны 770 болып,  жұмыссыздық деңгейі  4,8 пайыз құрап отыр, яғни өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 0,8 пайызға өсіп отыр. Осылай деген аудан әкімі Серік Арыстан жұмыссыздық деңгейінің өсу себебін облыс көлеміндегі кейбір шетелдік фирмалардан жұмысшылардың қысқаруымен түсіндірді. 

        2016  жылға «Жұмыспен қамту – 2020 Жол картасы»  бағдарламасы бойынша

        21 әлеуметтік жұмыс орнына  3542,0 мың теңге қаржы қаралып, барлығы әлеуметтік жұмыс орнына  жолдама алса, жастар тәжірибесі бағдарламасына ағымдағы жылға  40 адамға республикалық және жергілікті бюджеттен 8398,8 мың теңге қаржы қаралды.

        Бағдарламаның екінші бағыты бойынша  аудан көлемінде  3 мектеп, 1 балабақша, 1  мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына  72 адам жұмыспен қамтылған. 

        «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы  ағымдағы жылы  19 адам барлығы 48,9 млн. теңге шағын несие алды.

        Аудан бойынша 2011-2016 жылдар аралығында  «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы әртүрлі мақсатқа несие алушылар саны 220 адамды құрады.

        Аудан бойынша «Өрлеу» жобасына 14 отбасының 99 адам тартылып, 3597,0 мың теңгеге келісім шарт жасақталды. Оның ішінде жұмысқа қабілеттісі 29 адам, өздігінен жұмыс тапқандар – 15 адам, тұрақты жұмысқа орналасқандар – 8 адам.

        Ауданның өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік саласы бойынша дамуы турасында баяндама жасаған Индер ауданы әкімі Серік Арыстан сөзін «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан – 2050» даму Стратегиясында қоғам алдында талабы жоғары міндеттер қойды. Стратегиялық құжаттың басты мақсаты – елімізді әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосу. Бұл мақсатты жүзеге асыру – бәрімізге ортақ міндет болып табылады»  деп түйіндеді.


        Арайлым БАҒЫТЖАН

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
          ____       ___       _____     ___      ______  
         |  _ \\    / _ \\    / ___//   / _ \\   /_____// 
         | |_| ||  | / \ ||   \___ \\  / //\ \\  `____ `  
         | .  //   | \_/ ||   /    // |  ___  || /___//   
         |_|\_\\    \___//   /____//  |_||  |_|| `__ `    
         `-` --`    `---`   `-----`   `-`   `-`  /_//     
                                                 `-`      
        
         
        Наверх