Новости Атырау - Мунайлы Астана

      20 маусым 2019, 6:02
        Аймақ 14.07.2016, 18:33 0 пікір 1839 просмотров

        Қызылқоға: барлық салада өсім бар

        ҚР президенті, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халқына жолдаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында атқарушы органдардың ашықтығымен қамтьамасыз етуді тапсырған болатын. Осыған орай, өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылқоға ауданының әкімі Мақсот МҰҚАНОВ ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде баяндады.


         

        ЖЫЛ АЯҒЫНА ДЕЙІН 24 ЖОБА

        Белгілі болғанындай, ағымдағы жылдың 5 айында Қызылқоға ауданында өнеркәсіп саласы бойынша өндірілген өнімнің көлемі 30 578,0 млн. теңгені құрап, (2015 жылдың 5 айында - 23529,0 млн. теңге) өткен жылдың сәйкес мерзімімен өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 104,6 пайызды құраған.  Сол секілді 5 айдағы негізгі капиталдағы инвестицияның көлемі 1786,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1140,5 млн. теңге) 151,4 пайыз болыпты.

        -       Инвесторларға ауданның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру, аудан экономикасына шетелдік және отандық инвесторлар қаржысын тарту, яғни өңірдегі инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту мақсатында Қызылқоға ауданының инвестициялық атласы жасақталып шығарылды,- дейді бұл ретте аудан әкімі Мақсот Мұқанов.

        Ауданда шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы да жаман емес. Мысалы, Қызылқоға ауданы бойынша күні бүгінге тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны - 1219. Оның ішінде 177-сі шаруа қожалықтары, 62-сі заңды тұлғалар болса, 980-і жеке кәсіпкерлер. Онда жұмыс жасайтын адамдар саны 1750-ді құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 12 пайызға артқан. Сондай- ақ, осы есепті мерзімде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнімі, жұмыс және қызмет көлемдері 1015,0 млн. теңгені құрап, салыстырмалы мерзімнен 27 пайызға ұлғайған.

        Бүгінде ауданның жергіліктиі тұрғындары үшін 160 сауда обьектілері, 1 базар, 43 қоғамдық тамақтандыру орындары, 76 халыққа қызмет көрсету орындары және 25 өндіріс орындары қызмет көрсетіп келеді. Ағымдағы жылдың 5 айында аудан бойынша 12 кәсіпкерлік объектілері іске қосылып, 18 жаңа жұмыс орны ашылған. Оның ішінде 1 газ құю бекеті, 1 жиһаз цехы, 1 пластикалық есік-терезе жасау цехы,                     1 қоғамдық тамақтандыру орны және 8 халыққа қызмет көрсету орындары бар. Жыл аяғына дейін тағы 24 жоба іске қосылып, 48 жаңа жұмыс орыны ашылмақшы. Қазіргі уақытта бұл нысандардың құрылысы аяқталып, инфрақұрылым жүргізілуде екен.

        Аудан көлемінде әртүрлі бағдарламалар: «Бизнес аймақ»- 15 жоба, «Бастау Қызылықоға» НС арқылы- 16, «Жұмыспен қамту - 2020»- 43, «Бизнестің жол картасы - 2020»- 27 жобалар бойынша 383,7 млн теңгеге 101 жоба жоспарланып, қазіргі уақытта 81,5 млн теңгеге 30 жоба қаржыландырылған. Одан бөлек, «Бизнес аймақ»- 4 жоба, «Бастау Қызылықоға» НС арқылы- 4, «Жұмыспен қамту - 2020»- 22, «Бизнестің жол картасы - 2020» бойынша қаржыландыру енді басталмақшы, ол бойынша грантқа 1 жоба ұсынылған. 

        Аудан әкімінің айтуынша, өткен жылдың 1 қазандағы теңгерімдік есеп бойынша аудандағы жер көлемі 2 488 423 гектарды құрайды. Оның ішінде 356 918 - ауылшаруашылық жерінің, 245 350 - шаруа қожалықтарының, 106 568 - мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және 5000 гектары  мемлекеттік заңды тұлғалардың  жер учаскелері.

        Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, өнім өнімділігін арттыру бағытында Қызылқоға ауданында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Мысалы, Мұқыр ауылдық округіне қарасты Жантерек елді мекенінен «Абердин-Ангус- Атырау» ЖШС арқылы 500 ірі қара малын бордақылайтын нысан салынуда.  

        -       Бүгінде нысанның құжаттары жасақталып жатыр. Қой және ірі қара малды бордақылаумен айналысатын барлығы 45 шаруашылық бар. «Қызылқоға Бастау» несие серіктестігі мал азығын дайындайтын жылжымалы сервистік дайындау орталығын ашуға қажетті техникалар мен ет және жүн өнімдерін өңдейтін цехтың құрал- жабдықтарын алды. Аталған орталық шілде айының ішінде ашылады,- деді Мақсот Сайполұлы.

        ӨНДІРІЛГЕН ӨНІМДЕ ӨСІМ БАР

        Жалпы, аудан бойынша мал өсірумен айналысатын 6 ЖШС, 1 ӨК, 179 ШҚ құрылымдары тіркелген. Ағымдағы жылдың 5 айында аудан бойынша 31 810 бас МІҚ, 172 776 бас қой-ешкі, 1 607 бас түйе, 11 081 бас жылқы және 8 430 құс бар болса, өткен жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара- 102,2 пайызға,  қой-ешкі - 100,8 пайызға, жылқы- 103,7 пайызға, түйе 100,1 пайызға өскені байқалады.

        Аудан бойынша жалпы өнім көлемі 3 362,3 мың теңгені, 2015 жылдың сәйкес кезеңіңде 3143,6 мың теңге құраған. Өндірілген өнім бойынша өткен жылмен салыстырғанда ет 99 пайызға, сүт 100,1 пайызға, ал жұмыртқа 100,4 пайызға орындалған.

        -       «Қызылқоға Бастау» несие серіктестігі арқылы 13 шаруашылық                 75618,0 мың теңгеге Атырау қаласындағы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ- на құжаттарын тапсырды. Одан «Құлан» бағдарламасы бойынша «Ақгүл» ШҚ 5400,0 мың теңге, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша «Наурыз-бек» ШҚ 2200,0 мың теңге несие алды. «Қызылқоға Бастау» несие серіктестігі СПК арқылы алынған 70 млн. теңгенің несиесіне мал азығын дайындайтын жылжымалы сервистік дайындау орталығын ашуға қажетті техникалар мен ет және жүн өнімдерін өңдейтін цехтың құрал- жабдықтарын алды. Аталған орталықты осы жылдың шілде айында ашу жоспарлануда. Аудан орталығы Миялы ауылынан коммуналдық меншіктегі бос тұрған ғимаратты шұбат, қымыз өңдейтін цех ашу үшін кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру үшін тендер жарияланды. Қорытындысы бойынша анықталған жеңімпаз арқылы 22 шілдеден бастап цехты ашу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Мұқыр ауылдық округіне қарасты Жантерек елді мекенінен «Абердин-Ангус- Атырау» ЖШС арқылы 500 МІҚ малын бордақылайтын нысан салынуда. Қазіргі уақытта құжаттары жасақталу үстінде,- дейді әкім.

              «Қызықлқоға ауданы бойынша ағымдағы жылы 6,9 гектарға картоп, 13,4 гектарға бау-бақша, 9,7 гектарға көкөніс, барлығы 30 гектар жерге егіс егілді» дейді аудан әкімі. Ауданда 4 жылыжай жұмыс жасайды.

        БРУЦЕЛЛЕЗ - ҚЫЗЫЛҚОҒАНЫҢ ЕЖЕЛДЕН БЕРГІ ПРОБЛЕМАСЫ

               Мақсот Мұқанов өзі басқарып отырған Қызылқоға ауданында бруцеллез ауруының өткір тұрған мәселе екендігін мойындады. Оған қарсы алынып жатқан шаралар да жоқ емес. Мысалы, ағымдағы жылдың қаңтар- мамыр айларында 9 020 бас мүйізді ірі қара, 25 368 бас қой-ешкі және 435 түйеден бруцеллез ауруына қарсы тексеріліп, нәтижесінде 269 бас мүйізді ірі қара, 798 бас қой-ешкі, 18 бас түйе  малы анықталған.

        -       Бруцеллезге шыққан малдарды санитариялық сою шараларын ұйымдастыру мақсатында Атырау қаласындағы  «Асыл- Агро» ШҚ  мал сою цехымен келісім шартқа отырдық. Қалай десек те, бруцеллез ауруына қарсы күресте вакцинация жұмыстарын жүргізу маңызды. Өйткені, 2007 жылы ұсақ малдарды егу жұмастары тоқтап қалғаннан бері бұл ауру ауданымызда күшейіп кетті. Өткен жылы аталған ауруға шалдыққан малдар үшін 20 млн. теңге өтемақы төленді. Биыл да өтемақы беріледі. Ал, малды вакцинациялау жеке адамдар есебінен жүргізіледі. Делдалдарды тарта отырып, бұл жұмысты өз деңгейінде атқару жоспарымызда бар,- дейді аулан әкімі М.Мұқанов.

        ЕКІ ПӘТЕРЛІ 15 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ

        Аудан бойынша 2016 жылдың 5 айында 4 670  шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100%.

        Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылындағы мектеп интернатын 40 орындық балабақшаға сәйкестендіріп, қайта жаңғыртуға ЖСҚ әзірлеу бойынша 1050,0 мың теңге және жұмысы үшін 53 254,0 мың теңге бөлініпті. Қазіргі кезде жобалау жұмыстары жүргізілуде.

        -       Аудан көлемінде екі пәтерлі 15 тұрғын үй құрылысын салу үшін ағымдағы жылға облыстық бюджеттен 300 млн.теңге бөлінді. Осы бөлінген 15 тұрғын үй ішінен «Қызылқоға ауданы Сағыз селосындағы екі пәтерлі төрт тұрғын үйдің құрылысы» және «Тасшағыл селосындағы екі пәтерлі бір тұрғын үйдің құрылысы» нысаны бойынша құрылысы жұмыстары жүріп жатыр.

        Екі пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысының жұмыс жобасына ( Миялы- 3үй, Мұқыр- 3 үй, Тайсойған- 1 үй, Қарабау- 2 үй және Жасқайрат- 1 үй) және Миялы жазғы су құбырының құрылысының жұмыс жобасына сараптама жұмыстары жүргізілуде. Сарапшы мекеме «Тандем Эксперт» ЖШС.

        Төрт әлеуметтік нысан салуды да жоспарлап отырмыз. Атап айтсақ, Сағыз ауылынан 424 орындық мектеп, Мұқыр ауылынан 400 орындық, Қарабау ауылынан 300 орындық мәдениет үйлері және Тасшағыл ауылынан 100 орындық балабақша салуға қаржы бөлінді. Сондай- ақ, Қарабау, Сағыз, Тайсойған ауылдарына балабақша және Тасшағыл ауылына мәдениет үйі ғимараттары құрылысының жобалық сметалық құжаттамалары дайындалды,- дейді Қызылқоға ауданының әкімі.        

        ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНЫН АШУ- ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АЗАЙТАДЫ

        Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында Қызылқоға ауданы бойынша 596 адам жұмыссыздар есебінде тіркелсе, оның 415-і әйелдер, 152-і жастар болыпты.

        -       Жұмыссыздардың көбеюінің себебі - бағдарламаға қатысушылардың көптігінен болып отыр. Мәсеоен, ағымдағы жыл ішінде 800 жұмыссызды жұмысқа орналастыру жоспарланды. Сондай- ақ, қаңтар-мамыр айларында 167 адам әр түрлі жұмыс орындарына жұмысқа орналасып, жұмыспен қамту көрсеткіші 20,8 пайызға орындалды. Өткен жылдың осы мерзімінде 155 жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналасып, жұмысқа орналасу пайызы 20,7 пайызды құраған болатын.

        Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында 167 жаңа жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде: тұрақты орындарда әр түрлі салада- 102 адам, уақытша және маусымдық жұмыста- 65 адам еңбек етуде. Өткен жылдың қаңтар-мамыр айларында 143 жаңа жұмыс орыны ашылып, тұрақты орындарға әртүрлі салаға - 52 адам, уақытша және маусымдық жұмыстарға- 91 адам жұмысқа орналасқан болатын.

                 Мұқанов мырзаның сөзінше, «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асырудың І-ші  бағыты «инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша күрделі және жәй жөндеуге 238 444,0 мың теңге қаржы бөлініп, онымен 49 жұмыссыз уақытша жұмыспен қамтылған.

        Бағдарламаның ІІ-ші бағыты «кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру» бойынша 2016 жылға кәсіпкерлік негіздеріне 24 адамды оқыту шілде айынан бастап жоспарланған  және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ–ы арқылы 40 адамға 105 700,0 мың теңге шағын несиемен қамту жоспарланып, күні бүгінге 10 адам 20 900,0 мың шағын несие алыпты.                       

        Бағдарламаның ІІІ-ші бағыты «жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша 2016 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын  ұйымдастыруға 15 адамға 2 656,5 мың теңге қаржы бөлінген.

        Аудан әкімі баяндағанындай, Қызылқоға ауданында тұрғындар үшін 60 төсектік аурухана, 1 туберкулез диспансері, 10 төсектік Сағыз бөлімшелік ауруханасы және оның құрамындағы 8 дәрігерлік амбулатория, 6 медициналық пункттер халыққа қызмет көрсетіп келеді. Қажетті дәрігерлермен қамту жұмыстары бойынша соңғы 3 жылда дәрігерлер қатары 10 маманмен толықтырылған және биылғы жылы аудан әкімінің білім көмегімен оқытылған 2 маман жұмысқа орналаспақшы екен. Сонымен қатар, аудан әкімінің білім көмегімен 9 дәрігер маман білім алуда. Бұл мамандар да оқуын аяқтаған соң, ауданның медициналық ұйымдарында қызмет етпекші көрінеді.

        Аудан бойынша білім беретін мектептер саны-17, оның 13-і орта, 4-еуі бастауыш мектеп. Ондағы білім алатын оқушылар саны- 5907. Қосымша білім беру мекемелер саны-4, оның екеуі- саз мектебі, екеуі- өнер мектебі. Онда 936 оқушылар тәрбиеленуде.

        -       Орта білім беретін мектептерде Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін ескере отырып, жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша 2013-2014 оқу жылынан бастап бастауыш, яғни 1-4 сыныптарға  ағылшын тілі пәні енгізілді,- дейді Мұқанов мырза.

        Аудан бойынша 50 мәдени ошақтар халыққа қызмет көрсетеді. Сол секілді аудандық кітапханада кітапханалық процесстерді автоматтандыру мақсатында 28 дербес компьютер орнатылып, кітап қорларының электрондық базасы жасақталған.

        Ауданда салауатты өмір салты жақсы жолға қойылған. Мысалы, Қызылқоға ауданында барлығы 49 спорттық құрылымдар бар болса, Миялы және Сағыз ауылдарынан спорт кешендері, 3 округ: Миялы ауылынан- 2, Сағыз ауылынан- 2, Мұқыр селосынан- 1, барлығы 5 шағын ойын алаңы салынып, пайдалануға берілген.


         

        Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ,

        фото автордыкі

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
                     ___      _____     ______   __   __  
          ____      / _ \\   / ____||  /_   _//  \ \\/ // 
         |    \\   / //\ \\ / //---`'   -| ||-    \   //  
         | [] ||  |  ___  ||\ \\___     _| ||_    / . \\  
         |  __//  |_||  |_|| \_____||  /_____//  /_//\_\\ 
         |_|`-`   `-`   `-`   `----`   `-----`   `-`  --` 
         `-`                                              
        
         
        Наверх