Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 ноябрь 2017, 21:02
      Аймақ 21.07.2016, 12:26 0 пікір 1100 просмотров

      Полицейлер жетіспейді

      Атырауға болған іссапарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытгүл Хаменова мен Бейбіт Мамраев жергілікті полиция қызметкерлерімен де кездесті.


       

           Кездесуде белгілі болғанындай, Атырау қаласы аумағында 302 мыңнан астам халыққа 87 учаскелік инспектор ғана қызмет көрсетеді. Норматив бойынша, 2300 тұрғынға 1 полицейден келетін болса, күні бүгін қаламызда 1 құқық қорғаушы 3500- ден астам адамға қызмет көрсетіп келеді. Есесіне, Атырауда отбасылық зорлық- зомбылық фактісі көбейген. Алты айдың өзінде оның саны 2000-ға жетіп үлгеріпті.

            Жергілікті полиция қызметі басшыларының  айтуынша, қазіргі уақытта қаламызда учаскелік полицейлердің жетіспеушілігі өзектілігін жоймай келеді. Бұл мәселені жайып салған Атырау қаласы ІІБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы Ерлан БИҒАМБАЕВ, атаулы мәселе бірнеше рет тисті орындарға қойылып келсе де, әлі күнге дейін қанағаттанарлықсыз күйде қалып келетіндігіне қынжылыс білдірді.

             Құқық қорғаушылар жиында келтірген тағы бір мәселе- тұрғылықты жері, құжаты жоқ шетел азаматтарын анықтау жайы. Полицейлердің сөзінше, келімсектерді анықтауға берілетін небәрі 30 күн уақыт оларға аздық етеді. Сол үшін оны «екі айға дейін ұзартса» деген ұсыныстарын жеткізді полицейлер. Тиісінше, бұрын әкімшілік құқық бұзған азаматтар екі тәулікке темір торға қамалатын болса, жаңа заң бойынша бұл жаза өтеу мерзімі 3 сағатқа дейін қысқарыпты.

             Өкініштісі сол- көрсетілген аз уақыт ішінде ол азаматтар өздерінің жіберген қателігін түсініп үлгермейді де, оның арты үйлеріне оралғаннан кейін ауыр қылмыс жасауына әкеліп соқтырып жататын көрінеді.

      -       Біздің қызметімізде көп кездесетін проблемалық мәселелер- жанұялық жанжалдарға қатысты болып отыр. Шу шыққанда полицей шақыртқан жұбайы өз ерінің үстінен арыз жазады. Біздің құқық қорғаушылар ол азаматты үйінен ұстап алып кеткеннен кейін, бөлімшеге әкеліп, ол туралы деректерді жинақтап, құжаттар толтырып болғасын үш сағаттың ішінде кері үйіне жіберуге тиістіміз. Алайда, жаңағы арыз түсірген әйелі ерінің үстінен одан кейін де екі- үш рет «102» жүйесіне қоңырау шалып, шағымданып үлгереді. Жағдайлар қайталанғаннан кейін, мұның арты кейде ауыр қылмыстарға соқтырып жатады,- дейді Ерлан Биғамбаев.

            Жиында тәртіп сақшыларының тарапына сындар да айтылды. Мәселен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытгүл Хаменова жергілікті полиция тарапынан алдын алу жұмыстарының өз деңгейінде жүргізілмей отырғанын айтты. Депутат сондай- ақ, полицейлерге қызмет барысында мәдениеттілік пен этиканы сақтауды ұмытпауға шақырды.

      -       «Кесіп пішкен тонның келте болмайтыны» анық. Сондықтан да әдептілік пен мәдениеттіліктен бастау алсақ, сіз бен біз дескенге үйреніссек, халық та әдептіліктен аспайды деп ойлаймын,- деді Мәжіліс депутаты.

              Кедесу соңында халық қалаулылары полиция қызметкерлері тарапынан түскен ұсыныстарды ескеріп, мәселені жоғары билікке жеткізіп, оны шешуге ықпал ететіндіктерін де жеткізді.


       

      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ 

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _     ______    _____     ______     _____  
      | |  | ||  /_   _//  / ____||  /_   _//   / ___// 
      | |/\| ||   -| ||-  / //---`'   -| ||-    \___ \\ 
      |  /\  ||   _| ||_  \ \\___     _| ||_    /    // 
      |_// \_||  /_____//  \_____||  /_____//  /____//  
      `-`   `-`  `-----`    `----`   `-----`  `-----`   
                                                        
      
       
      Наверх