Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 13:30
      Аймақ 27.07.2016, 18:16 0 пікір 631 просмотров

      Патронат ата-аналарға әдістемелік кабинет ашылмақ

      «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» жастар қоғамдық бірлестігі жастарға психологиялық және құқықтық көмек көрсетуге арналған дағдарыс орталықтарын ашу, деструктивті әрекеттің алдын-алу үшін арналған шаралар кешенін өткізу және патронат ата-аналарға әдістемелік кабинетін ашу жобаларын тұсаукесерін өткізді. Жобалар – Атырау облысы білім беру басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша іске асырылады.


      Жастар дағдарыс орталығы – Атырау қаласының жасы 29-ға дейінгі жастарына тегін кешенді мамандандырылған көмек көрсету үшін құрылды. Орталықтың жұмыс ерекшеліктері: өмірлік қиын жағдайларға және әлеуметтік қауіпті жағдайларға душар болған жастарға көмек көрсету. Жастарға көмек көрсету және оларды қолдау үшін Орталықта психологтар, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, заңгер-кеңесші жұмыс істейді.

      Дағдарыс орталығы әлеуметтік тәуекел тобынан шыққандарға; психофизикалық жәбір көргендерге; кәмелетке толмаған аналарға; толық емес жанұядан шыққан балаларға, балалар үйінен және интернаттан шыққан балаларға; жас жанұяларға өз қызметтерін ұсынады.

      Орталыққа хабарласқан жастар үшін кеңесті ұйымдастыру және өткізу бойынша психологиялық-педагогикалық жұмыстар, жеке кеңес беру және тестілеу, тренингтік тақырыптық сабақтар өткізіледі.

      Жобаның маңызды міндеттері – қаладағы дағдарыс орталықтарымен, оның ішінде жоғары және орта білім беретін оқу орындарымен өзара тиімді қарым-қатынасты ұйымдастыру болып табылады.

      Қоғамдық бірлестіктің екінші жобасы - «Жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасы құрылымын дамыту мақсатында патронат ата-аналарға әдістемелік кабинетін ашу». Мұндағы басты міндет - патронаттық жанұялар мен мамандар үшін анық және сапалы ақпаратты құру және тарату, тәрбиелеудің отбасылық үлгісін дамыту үшін саясатқа және қоғамдық пікірге әсер ету, отбасылық құрылымға мұқтаж балалар туралы ақпаратты тарату, асырап алушы ата-аналар мектебінде сабақтар өткізу. Сервистік жоспарды құру және әдістемелік ұсыныстарды шығару, патронаттық отбасыларын қолдау және насихаттау жөніндегі іс-шаралардың кешенін ұйымдастыру және оларға көмек көрсету де жобаның басты міндеттерінің біріне кіреді.

      Осылайша, іс-шаралар кешені – жастардың құқықтық білімдерін арттыруға, заңға және қоғамдағы белгіленген тәртіп ережелері мен нормаларына құрмет танытуға бағытталатын болады.

      Іс-шаралар циклы - көрсетілген санаттағы жастарға әлеуеттерін көтеруге және мамандықтар, түйіндеме жазу, уақытты жоспарлау бойынша дағдыларын дамытуға, тек білім беру мекемесінің қабырғасында ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде өз достарымен әртүрлі жағдайларда қызметтестікке үйренуге, келіспеушіліктер туындағанда, одан шығар жол таба білуге мүмкіндік береді.


      Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __   _    _     ______   _    _     ____    
       \ \\/ // | || | ||  /_   _// | || | ||  |  _ \\  
        \   //  | || | ||    | ||   | || | ||  | |_| || 
        / . \\  | \\_/ ||   _| ||   | \\_/ ||  | .  //  
       /_//\_\\  \____//   /__//     \____//   |_|\_\\  
       `-`  --`   `---`    `--`       `---`    `-` --`  
                                                        
      
       
      Наверх