Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 октябрь 2017, 11:39
      Денсаулық 10.08.2016, 16:54 0 пікір 978 просмотров

      Оба – қауіпті ауру

              Атырау бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасына  Қазақстан  Республика  Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың  құқықтарын қорғау комитетінен Ресей Федерациясының Алтай Республикасы Қош-Ағаш ауданында он жастағы баланың бубондық обамен сырқаттану жағдайының тіркелгендігі туралы хабарлама келді. Сырқаттанған бала инфекциялық ауруханаға жатқызылған, жағдайы орташа ауырлықта. Науқаспен байланыста болған 17 адам изоляторға жатқызылып, бақылауға алынған. Оларда аурудың белгілері байқалған жоқ. Бала обаны таудағы суырлар арасында эпизоотия байқалатын жерден жұқтырды деп болжануда.


              Баяндалған жағдайға байланысты халықтың обамен сырқаттану жағдайларының алдын алу мақсатында бірқатар санитариялық-эпидемияға қарсы  іс-шараларды  күшейту   мақсатында        Атырау бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы мамандары   Атырау облысы обаға қарсы күресу станциясы   мамандарымен   бірлесе отырып,  Атырау  теміржол ауруханасының  мәжіліс залында медицина қызметкерлері мен әуе және теміржол қызметкерлері  арасында  оба   ауруының   алдын алу мақсатында семинар-кеңес өткізді.

      Семинарлық кеңесте  Атырау облысы обаға қарсы күрес станциясының эпидемиолог  дәрігері  Ержан Әміржанов  адамдар  арасындағы обаның клиникасы, диагностикасы, емделуі алдын алу  және  вакцинациялау әдісі мәселесі тақырыбында баяндама жасады.

              Басқарманың жетекші маманы   Гулфарида Есқожиева «Инфекциялық аурулардың, соның ішінде обаның, тырысқақтың   алдын алу  бойынша  санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды   ұйымдастыруға  және өткізуге  қойылатын  санитариялық-эпидемиологиялық  талаптар»  тақырыбында баяндама жасады.

              Cеминар-кеңес барысында оба ауруының облыс, республика және шекаралас Ресей,  Қырғызстан елдеріндегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайлары  және обаның  табиғи  ошақтарындағы  кеміргіштер арасындағы  эпизоотиялық  жағдайлардың шиеленісуі кенелер арқылы аурудың қоздырғышы   адамға,  жануарларға  таралуын  болдырмау, емдеу мен індетке қарсы  іс-шараларды  ұйымдастыру  мен  жүргізу  мәселелері талқыланды.

               Қатысушылар   тарапынан  қойылған  сұрақтарға Атырау обаға қарсы күрес станциясының  басшысы Тілепберген Хамзин  және  эпидемиолог  дәрігер Ержан Әміржанов тәжірибелі де сауатты түрде  жауаптар берді.  

      Атырау  обаға қарсы күрес станциясы бастығы Тілепберген Хамзин   алдағы  уақытта «Атырау теміржол ауруханасының»  дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің  оба  қарсы  шараларға   дайындығы  мен  біліктілігін  арттыру  мақсатында  обаға қарсы күрес ұйымдарымен біріге отырып, оқу-жаттығу  сабақтарын   өткізуді жоспарлауға ұсыныс берді.

      Атырау бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысы Игорь Шин оба бойынша асқынулар жағдайына медициналық ұйымдардың   санитариялық-эпидемияға  қарсы  іс-шаралар  кешенін  ұйымдастыруға және жүргізуге  және халықтың   арасында  обаның  профилактикасы  мәселелері  бойынша  санитарлық-ағарту жұмысын жүргізуді  күшейтілуін   қамтамасыз  етуге  ұсыныс берді.


      Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______   __   __    _  __    ______            
       /_____//  \ \\/ //  | |/ //  /_   _//     ___   
       `____ `    \ ` //   | ' //    -| ||-     /   || 
       /___//      | ||    | . \\    _| ||_    | [] || 
       `__ `       |_||    |_|\_\\  /_____//    \__ || 
       /_//        `-`'    `-` --`  `-----`      -|_|| 
       `-`                                        `-`  
      
       
      Наверх