Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 октябрь 2017, 20:42
      Спорт 17.08.2016, 15:35 0 пікір 597 просмотров

      Кім мықты?

      ҚР Конституциясы күніне арналған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің арасында І спартакияданың ашылу салтанаты болып өтті.


      Спорттық шараға Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО),  Жер ғылыми-өндірістік орталығы (Жер ҒӨО), Зейнетақы тағайындау мемлекеттік орталығы (ЗТМО), Жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығы (ЖМТО) департаменттерінің қызметкерлері қатысып, кіші футбол, болейбол, шахмат, канатка тартылу, 400 метр қашықтыққа жүгіру сынды 5 спорт түрлерінен сайысқа түсті. Спартакиадаға Атырау облысы ХҚКО депараментінің директоры Тұрлан НҰРЖАНОВ  командасын  өзі бастап шықты. Сайыс қорытындысында 400 метрге жүгіруден 1 – орынды  Жер ғылыми-өндірістік орталығы жеңіп алса, 2 – орын Жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығына,  3 – орын Халыққа қызмет көрсету орталығына бұйырды. Кіші футбол мен шахмет жарысында да Жер ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері көш бастады. Осы екі спорт түрінен
      ХҚКО командасы 2-орынды, ЖМТО командасы 3-орынды иеленді. Ал, волейболдан ХҚКО жеңісті ешкімге бермесе, арқан тартыста Жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығы  қызметкерлеріне тең келер ешкім болмады. Соңғы екі сайыста Жер ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері 2 - орынды иеленді. Жалпы командалық есепте Жер ғылыми-өндірістік орталығы үздік шығып, Халыққа қызмет көрсету орталығы – 2 орынды, Жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығы – 3 орынды қанжығаға байлады.

       Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                   ___      ______    ______   _____    
        ____      / _ \\   /_____//  /_   _// |  __ \\  
       |    \\   / //\ \\  `____ `    -| ||-  | |  \ || 
       | [] ||  |  ___  || /___//     _| ||_  | |__/ || 
       |  __//  |_||  |_|| `__ `     /_____// |_____//  
       |_|`-`   `-`   `-`  /_//      `-----`   -----`   
       `-`                 `-`                          
      
       
      Наверх