Новости Атырау - Мунайлы Астана

      20 маусым 2019, 6:02
        Әлем 02.09.2016, 18:54 0 пікір 1639 просмотров

        Ақпарат агенттігі Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің қазасы туралы хабарлады

        Өзбекстанда 79 жасында республика президенті Ислам Каримов қаза болды. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі үш дипломатиялық дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.


        Ақпарат агенттігі Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің қазасы туралы хабарлады

        Ислам Каримов. фото: TACC

        Каримовтің қазасы туралы "Ферғана" агенттігі 29 тамыз күні кешкісін хабарлап қойған болатын. Алайда Өзбекстан билігіндегі дереккөз бұл ақпаратты жоққа шығарған.

        27 тамыз күні Каримовтің миына қан құйылып, емханаға түскен болатын. Өзбекстанның оппозициясы Каримов банкетте тым көп ішімдік ішкеннен кейін емханаға түсті деген ақпарат таратты.

        Каримов 1991 жылдан бері Өзбекстан президенті болып келді. Ал 1990 жылдың наурызында Өзбек КСР басшысы болған. Кеңестік кезеңде Өзбекстан Коммунистік партиясының Бірінші хатшысы (1989-1991 жж), Өзбек КСР президенті (1990-1991 жж), республиканың Қаржы министрі қызметтерін атқарды. Оның артында екі қызы - Лола мен Гүлнар қалды.

        Источник: Nur.kz

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
          ______    _____     ____     __   __            
         /_   _//  |  ___||  |  _ \\   \ \\/ //   ____    
           | ||    | ||__    | |_| ||   \ ` //   |    \\  
          _| ||    | ||__    | .  //     | ||    | [] ||  
         /__//     |_____||  |_|\_\\     |_||    |  __//  
         `--`      `-----`   `-` --`     `-`'    |_|`-`   
                                                 `-`      
        
         
        Наверх