Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 октябрь 2017, 11:29
      Аймақ 08.09.2016, 11:41 0 пікір 576 просмотров

      Балалар құқығы сөз болды

      Облыстық білім беру басқармасының қамқоршы, қорғаншы бөлімі мен «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» жастар қоғамдық бірлестігінің бірлесіп ұйымдастыруымен облыстық, қалалық және аудандық қамқоршы, қорғаншы бөлімі мамандарына арналған семинар - кеңес өтті. Семинар «Бала, бала құқығы: өзекті мәселелері мен проблемалары, шешу жолдары» тақырыбына арналды.


       

           Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинардың мақсаты - бала құқықтарын қорғау, қызметтің маңызды бағыттарын саралау, жетілдіру, қызмет сапасын көтеруге бағытталған.

           Шара барысында төмендегідей бірнеше міндеттер қойылды:

      • Бала құқықтарын қорғауда жалпы жағдайды зерделеу,  жаңғырту жолдарын саралау;
      • балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен  жұмыстарды жетілдіру;
      • қоғамдағы балалар мүгедектігі проблемасын өзекті ету, мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын көтермелеу, мүмкіндіктері шектеулі балалардың ата- анасының және  мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері;
      • даму мүмкіндігі шектеулі азаматтарды білім берудің барлық деңгейлерінде дамуындағы ақаулықты түзету және әлеуметтік бейімдеу, олардың білім алуы үшін арнайы жағдайларымен қамтамасыз етуді жетілдіру;
      • бала құқықтарын қорғауды жетілдіру және  қызмет сапасын көтеру;
      • мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық- педагогикалық түзету кабинеттерінде және оңалту орталықтарында коррекциялық , педагогикалық кабинеттер жүйесін жетілдіру.

          Семинарда Атырау облыстық Білім беру басқармасы, қамқоршы, қорғаншы бөлімінің басшысы Анар Каюпова «2016- 2017 жаңа оқу жылындағы өзекті мәселелер мен проблемалар, шешу жолдары мен ұсыныстар» тақырыбында сөз сөйледі. Ал, «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» жастар қоғамдық бірлестігінің жоба қызметкері Нелли Куликовских, жастарға психологиялық және құқықтық көмек көрсетуге арналған дағдарыс орталығын ашу, деструктивті әрекеттің алдын алу үшін арналған шаралар кешенін өткізу және патронат ата- аналарға әдістемелік кабинетінің жұмысы туралы айтып берді.

          Басқосуда сондай- ақ, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының психологы Оразбике Хамиева отбасын қолдау қызметінің жұмысы туралы баяндама жасаса, облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мен жасөспірімдер үйінің директоры, Жетім және ата- аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің басшыларынан құралған Республикалық кеңесінің мүшесі Гүлсара Ботатаева «Жетім балаларды отбасына орналастыру бойынша Қазақстанның басқа өңірлеріндегі іс- тәжірибелері» бойынша өз мәліметімен бөлісті. 


       

      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _     ______   _    _     _____     ______  
      | |  | ||  /_   _// | \  / ||  |  ___||  /_   _// 
      | |/\| ||   -| ||-  |  \/  ||  | ||__    `-| |,-  
      |  /\  ||   _| ||_  | .  . ||  | ||__      | ||   
      |_// \_||  /_____// |_|\/|_||  |_____||    |_||   
      `-`   `-`  `-----`  `-`  `-`   `-----`     `-`'   
                                                        
      
       
      Наверх