Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 октябрь 2017, 11:35
      Экономика 08.09.2016, 11:48 0 пікір 1202 просмотров

      Тәуелсіздік құрдастары

       Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтеді. Бұл күнде тәуелсіздікпен қатар өмірге келген ұрпақ әр салада қызмет атқарып жүр. 


      Олардың ішінде өрт сөндірушілер де бар. Қиын да жауапкершілігі мол мамандықты жанына серік еткендер жөнінде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «ӨС және АҚЖҚ» ММ  №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры А. Исмағұлов былай дейді.

      - 1991 жылы тәуелсіздік алған жылы 6 маусымда  Ізғалиев Жангелді дүниеге келді. Кішкене балалардың көбісі дерлік өрт сөндіруші - құтқарушы болуды армандайтыны рас. Өйткені дабыл, тілсіз жаумен күресу, әдемі форма, жауынгерлік киім және айналадағы адамдардың өрт сөндірушілерге таңдана қараған көзқарастары мақтаныш сезімін ұялатады. Өрт сөндіруші болу - азаматтық қорғау сержанты Ізғалиев Жангелдінің бала  кезінен бергі арманы болатын. Осы арманының жетегінде ол 2013 жылы Отан алдындағы борышын өтеп келгеннен кейін бірден Өрт сөндіру қызметіне келіп, Атырау қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі қызметіне кіріседі. Қазіргі уақытта Жангелді осы бөлімнің бөлімше командирі, бұндай қызметте көптеген қиындықтар кездеседі. «Менің Өрт сөндіру қызметінде қызмет атқаруым – бұл менің жеке таңдауым. Себебі мен өзімді халқыма қажет екендігімді, адамдарға көмектесу мүмкіндігім бар екендігін сезінгім келді. Маған өзімнің қызмет ететін ұжымым ұнайды, кез-келген жағдайда бір-бірімізге сенуімізге болады. Қою қара түтінге оранған жерлерде бірлесіп жұмыс жасаймыз, бұндай жағдайлардан шығуға ұжымымыздғы өзара түсінушілік қасиеттеріміз көмектеседі»,-  дейді Жангелді. Құтқарушылар үшін мереке, демалыс күндері болмайды, олар әрқашанда жауынгерлік дайындықта. Бұл мамандықты таңдаған бөлімше командирі Жангелді Жанатұлының пікірі де осындай.  №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің бірнеше құрдастары бар. Бірақ олардың ішінде тілсіз жаумен күресумен қатар, өрт сөндіру-құтқару спортының дамуына өзінің үлесін қосып жүрген Бекесов Жанпейіс Жолдасқалиұлын ерекше атап кетуге болады. Жанпейіс Қарулы күштер қатарындағы қызметінен кейін 2011 жылы ойланбастан өртке қарсы қызметіне келеді. Содан бері өзінің осы мамандықты таңдағанына өкінген емес. «Мен Отанымыздың игілігі үшін қызмет атқарғым келеді. Біздің қызметте көптеген қиындықтар кездесетініне қарамастан, мен әрі қарай қызметте өсіп, жоғары оқу орнына түскім келеді", - дейді ол. Жанпейіс отбасында жұбайы екеуі екі бала тәрбиелеп отыр. 


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
      __    __     ___      _____     _____    _    _   
      \ \\ / //   / _ \\   / ____||  |  ___|| | || | || 
       \ \/ //   | / \ || / //---`'  | ||__   | || | || 
        \  //    | \_/ || \ \\___    | ||__   | \\_/ || 
         \//      \___//   \_____||  |_____||  \____//  
          `       `---`     `----`   `-----`    `---`   
                                                        
      
       
      Наверх