Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 октябрь 2017, 18:56
      Спорт 21.09.2016, 15:24 0 пікір 791 просмотров

      Атыраудан - Абу-Дабиге!

      Атырау индустриалды колледжінің 3-курс студенті Азамат Елеусінов кәсіби шеберлік бойынша Абу-Даби қаласында өтетін дүниежүзілік «World Skils» біріншілігіне жолдама ұтып алды!  Енді ол шетелде әлемнің 200 елінен келетін жас мамандармен бірге бағын сынайтын болады.


         Жарыстың республикалық кезеңі 13-15 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткен болатын. Оны Білім және ғылым министрлігі мен «Кәсіпқор» холдингі ұйымдастырған еді. Онда атыраулық 18 студент 14 түрлі мамандық бойынша сынға түсті. Нәтижесінде, Азамат алға озып, еліміздің құрамасын толықтырды. Жерлесіміз логикалық сұрақтарға дұрыс жауап беріп, әрлеу мен сырлау жұмыстары бойынша сынақтардан мүдірмей өтті.

      -      Жалпы, жеңіс оңайлықпен келмеді. Қарсыластарым да осал емес. Облыстық білім беру және жастар саясаты мәселелері басқармаларының қолдауымен осындай нәтижеге қол жеткізіп отырмын,- дейді жеңімпаз.

          Атырау индустриалды колледжінің директоры Халидолла Тайпановтың айтуынша, былтырғы оқу жылында Азамат үшінші орын алып, Бразилиядағы сайысқа жолдама алған. Бірақ, қаражат тапшылығына  байланысты қатыса алмаған. Енді осы жолы облыстық жастар саясаты басқармасы мүмкіндік туғызып отыр. Олай болса, біз жерлесімізге тек жеңіс тіледік!


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ,

      Фото: Zhasatrau.kz сайтынан алынды

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
      __    __     ___               __   __    ______  
      \ \\ / //   / _ \\    ____     \ \\/ //  /_   _// 
       \ \/ //   | / \ ||  |    \\    \ ` //   `-| |,-  
        \  //    | \_/ ||  | [] ||     | ||      | ||   
         \//      \___//   |  __//     |_||      |_||   
          `       `---`    |_|`-`      `-`'      `-`'   
                           `-`                          
      
       
      Наверх