Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 ноябрь 2017, 8:50
      Қоғам 28.09.2016, 14:34 0 пікір 846 просмотров

      Бабалар ерлігі ұмытылмайды...

      26 қыркүйек күні Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқушыларын кітаппен қамту бөліміқаладағы№5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектептің 6-8 сынып оқушыларымен бірлесіп кітапханананың оқу залында «Арыстан еді-ау, Исатай!»атты тақырыптық кеш өткізді.


      Шара жөнінде кітапхана директоры  С.ІЗМҰХАНБЕТОВА:

      -Кеш өткізудегі басты мақсатымыз – оқушыларды Азаттық көтерілісінің басшысы Исатай Тайманұлы жайында жан - жақты зерттеп, тарихи мәліметтермен жұмыс жасауға, шығармашылыққа баулу.Оларды Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеумен қатар,батыр бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту және тарихи мерекені сезіндіру болды, - дейді. Кешті жүргізген кітапханашы Ә.Лесова оқушыларғабиыл Исатай Тайманұлының туғанына 225 жыл толып отырғанын, сондай-ақ,биылғы жылдың тарихи даталарға толы екенін атап өтті.Яғни, биылИсатай-Махамбет бастаған көтеріліске - 180 жыл,1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына - 30 жыл,Ұлт азаттық көтерілісіне-100 жыл және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толады.Ал, №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Әлия Хабболлақызы мен Айнагүл Болатқызы И.Тайманұлы туралы тағылымды да тартымды әңгіме жүргізді.Бүһұдан кейінкеш 6-8 сынып оқушыларының И.Тайманұлына арналған өлең шумақтарын оқуымен, слайд көрсетуімен  жалғасын тапты.Кеш барысында кітапханашы Г.Қанатова «Арыстан еді-ау, Исатай!» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізіп, ондаО.Сахидәулетұлының «Тұлға», Ы.Шөрековтің «Исатай-Махамбет»,Ә.Сарайдың «Исатай-Махамбет тарихы», «Тарлан атты жолаушы» атты кітаптарына кеңінен тоқталып өтті.Осылайша балалар кітапханасы ұжымы ұйымдастырған шарада оқушылар тағы бір тарих сырына үңіліп, бабалардың өмір жолымен танысты. Кеш соңында Ә.Лесова №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектептің ұстаздарымен оқушыларына кітапхана ұжымының атынан алғыс білдіріп, оларғаалғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстады.


      Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       ______      ___      _  __   __   __   __   __  
      |      \\   / _ \\   | |/ //  \ \\/ //  \ \\/ // 
      |  --  //  | / \ ||  | ' //    \ ` //    \   //  
      |  --  \\  | \_/ ||  | . \\     | ||     / . \\  
      |______//   \___//   |_|\_\\    |_||    /_//\_\\ 
      `------`    `---`    `-` --`    `-`'    `-`  --` 
                                                       
      
       
      Наверх