Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 12:06
      Қоғам 08.08.2013, 17:25 0 пікір 1343 просмотров

      Өртенген үй шатырынан су кетті

      Өткен жексенбіден бері жауған жаңбыр осы үйдің тұрғындарына уайым болды. Өртенген шатырдан 5 - ші қабаттағы пәтерлерге су кетіп жатыр. Бізге хабарласқан тұрғындар жаңбыр жауғанын қоймаса, суға кетеміз дейді.Аталған үйге барып, тұрғындармен кездестік. Екі күнгі жаңбырдан кейін жоғары қабаттағы пәтерлердің қабырғаларынан су кетіпті. Тұрғындар күні кеше ғана келген жұмысшылардың шатырды қалдық заттардан тазартқанын айтты. Бірақ дүйсенбі күні де жаңбыр жауып тұрғандықтан, жүріп жатқан жұмысты байқай алмадық.Тұрғындардың арызын арқалап, қалалық тұрғын - үй инспекциясының жетекшісі Нұрлан ЕРҒАЛИЕВҚА жолықтық.

      - Қазір бұрынғы мердігер «Верцхли» ЖШС-нің құрылысшылары ағаштарын, басқа да қажетті заттарын шатырға шығарып қойды. Терможаңғырту бағдарламасы бойынша бұл мердігер шатыр мен жертөлені жаңарту керек болатын. Жертөле жасалды, енді шатырды 15-20 күн ішінде қайтадан жасап бітіруі керек. Жертөледегі  жиналған суды «Атырау су арнасы» мекемесімен бірлесіп құрғату жолдарын қарастырып жатырмыз. Ол жөнінде қала әкімінің арнайы тапсырмасы бар. Жалпы өрттің шығу себебін тексеру комиссиясы адами фактордан деп отыр. Демек, абайсызда болған күннің өзінде өрт адам қолымен жасалған. Жаңа басталған өртті көріп тұрып, дер кезінде хабарламаған тұрғындар да кінәлі. Басқа себеп немесе ыстық ауа-райы болса, қасындағы басқа үйлер де өртенер еді ғой. Сондықтан тұрғындарда сақ болуы керек. Біз 5-ші қабаттағы пәтерлерге келген шығындарды өтеп береміз. Қалған қабаттағы пәтер иелері өздері жөндеу жұмыстарын жүргізуі керек. Осындай апаттың алдын алу үшін қазір қаладағы 45 үйдің шатырлары  тексерілуде,- дейді ол.


      P.S Не дегенмен, зардап шеккен тұрғындарға шатыр жабылғанша шыдай тұруға тура келеді. Оның үстіне ауа ра-йын болжаушылар жаңбырлы күндердің тамыз айының ортасына дейін созылатынын айтуда. 


       

      Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _     ______   _    _     ______   _    _   
      | || | ||  /_   _// | || | ||  /_   _// | || | || 
      | || | ||   -| ||-  | || | ||   -| ||-  | || | || 
      | \\_/ ||   _| ||_  | \\_/ ||   _| ||_  | \\_/ || 
       \____//   /_____//  \____//   /_____//  \____//  
        `---`    `-----`    `---`    `-----`    `---`   
                                                        
      
       
      Наверх