Новости Атырау - Мунайлы Астана

    21 ноябрь 2017, 21:49
      Экономика 12.10.2016, 16:23 0 пікір 561 просмотров

      Құрылыс саласындағы заңсыздық тыйылмай тұр

      Облыс әкімдігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Мұхит Избановтың төрағалығымен  Әдеп  жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.


      Отырыста Атырау облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары - әдеп жөніндегі уәкіл М.Қалауи қатысушыларды  осы жылдың 9  айында атқарылған жұмыстарымен  таныстырды. Келесі кезекте кеңес мүшелері, Әдеп кодексінің негізгі ережелерін бұзған Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы және Атырау қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысына және Исатай ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысына қатысты келіп түскен шағымдарды қарады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Атырау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығына Атырау қаласы әкімі аппаратынан келіп түскен Атырау облысы прокуратурасының Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қ.Мақашевқа қатысты  жинақталған құжаттары келіп түскен. Сол материалдар Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығымен қаралып, зерделеніп төмендегі мәселелер анықталған.Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшіге қойылған талаптар Бөлім басшысы және жауапты қызметкерлерімен орындалмай, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу, нобайлық жобаларға уақытылы келісім бермеу, жер учаскесін таңдау актілерін жолдау тәртібін бұзу, жер учаскесінің мақсатына сәйкес емес объекті құрылыстарына заңсыз рұқсат беру, қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту, заңсыз артық құжат талап ету, лауазымын асыра пайдаланып шешім қабылдау, азаматтардың жер учаскелерін пайдалануына көрінеу кедергі келтіру, шешімдер қабылдауда әділеттілік танытпау фактілеріне бірнеше рет жол беріліп, жергілікті атқарушы биліктің азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілері тарапынан негізді сынға ұшырауына жағдай туғызғандығы анықталған.Мысалы, бөлімнің лауазымды тұлғасы шешімдер дайындау мен қабылдау кезінде тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсету мақсатында ҚР Жер кодексінің 49-1 бабының талаптарын ескермей, жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін құрылысты жобалау мен салуға рұқсат беру туралы заңсыз шешімдер қабылдаған.Сол сияқты, бөлімнің лауазымды тұлғасы шешім қабылдау кезіндегі өкілеттігінен тыс объектінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімдердің қабылдануына жол берген. Және объект қаланың келбетіне нұқсан келтіреді деген негізсіз желеумен кәсіпкерлік субъектілерінің ҚР Конституциясының 26 бабында көзделген мүлкін заңды қызметі үшін еркін пайдалану құқығын жүзеге асыруларына көрінеу кедергі келтірген. Бөлім басшысының өтініштерді қарау барысында заңдылық және азаматтардың мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге тең құқылы қағидаттарын орындаудан өз бетінше бас тартып, объективтілік танытпау жағдайлары жеке тұрғын үй құрылыстарына рұқсат беру кезінде де орын алған. Осы тектес негіздермен басқа да 86 азаматтың өтініштері қанағаттандырылудан бас тартылған. Алайда, прокуратура тарапынан өтінішердің иелері жөнінде мәлімет көрсетілмеуіне байланысты аталған заң бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды анықтау мүмкін болмаған. Бұдан басқа, бөлім басшысы заңды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға көрінеу кедергі келтіру әрекетін жобаларды келісу кезінде артық құжаттар талап ету арқылы жалғастырған.Жоғарыдағылар негізінде, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығы Атырау қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Қ.Мақашевтың тарапынан ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50 бабы 1 тармағының 4, 8, 11 тармақшаларында көзделген мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға бірнеше рет жол берілген деген тұжырымға келген.Бірақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері  облысы бойынша департаментінің бас маманы  Р.Сәлімғалидың айтуынша, тәртіптік жаза қолдану мерзімінің өтіп кетуіне байланысты Атырау қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы С.Смағұловқа және Атырау қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімі басшысының 2016 жылғы 28 шілдедегі №79 бұйрығымен бөлімнің бас маманы М.Жантуреев атқаратын лауазымыан өз еркімен босатылуына байланысты оларға тәртіптік жаза қолдану мүмкін емес.Кеңес отырысы қорытындысымен кеңесте қаралған басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына кінәлі тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін шешу жөнінде ұсынымдар берілді.


      Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __     ___     __   __     ___      ____    
       \ \\/ //   / _ \\   \ \\/ //   / _ \\   |  _ \\  
        \   //   / //\ \\   \   //   / //\ \\  | |_| || 
        / . \\  |  ___  ||  / . \\  |  ___  || | .  //  
       /_//\_\\ |_||  |_|| /_//\_\\ |_||  |_|| |_|\_\\  
       `-`  --` `-`   `-`  `-`  --` `-`   `-`  `-` --`  
                                                        
      
       
      Наверх