Новости Атырау - Мунайлы Астана

      23 января 2019, 2:10
        Денсаулық 02.11.2016, 18:00 0 пікір 1214 просмотров

        Тіркеудің маңызы зор

        Атырауда тұрғындарды медициналық- санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына тіркеу қыркүйек айының 15- інде ақ басталып кеткен болатын. Дәл осы кезеңде «Бекіту науқанын» бастап кеткен қаламыздағы №1  қалалық емхана бұл жұмысты 15-ші қарашада аяқтайтын болады.


        Бұл орайда дәрігерлер тұрғындарды емханаға, бекіту тұрғылықты немесе уақытша тұратын жері, жұмысы, оқу орны бойынша бір әкімшілік- аумақтық бірлік шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып, жүзеге асырылатындығын айтады. Ондай- ақ, бұл ретте азаматтар тек бір ғана емхана ұйымына бекітіледі.

        -       Емханаға тіркелу үшін ниет білдірушінің жеке куәлігі болуы қажет және тіркелу орнын өзгертетін жағдайда өз еркімен бекітілу жөнінде өтініш жазады. Науқан кезінде бекітілген медициналық ұйымда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде қызмет көрсету 2017 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жүзеге асады. Ал бұл уақытқа дейін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық көмекті ағымдағы жылы бекітілген емхана ұйымында алуға болады.

        Егер тіркелуші бұрын басқа медициналық ұйымға тіркелген болса, онда ұйымнан есептен шығу үрдісі электрондық форматта жүргізіледі. Ескерте кетейік, біздің емханаға тіркелу еркін нысандағы өтініш пен жеке басын  куәландыратын құжат- жеке куәлігі, паспорт, туу туралы куәлік негізінде   емхананың жұмыс кестесіне сәйкес кез- келген күнтізбелік уақытта  жүзеге  асырылады,- дейді №1 қалалық емхананың профилактикалық,  әлеуметтік  және  психолологиялық    көмек  көрсету бөлімінің меңгерушісі  Маржан Джабасова.

             Сондай- ақ, дәрігердің айтуынша, отбасының әрбір мүшесінің жеке басын   куәландыратын құжаттары мен отбасы мүшелерінің  біреуінің жазбаша келісімі  болған кезде, еркін  нысандағы  өтінішінің негізінде отбасы мүшелерін тіркеуге   жол  берілетін көрінеді.

        Емхана бойынша тіркеу орнының байланыс телефондары: 

        8 (7122) 27- 23- 69; 27- 23- 19;   27- 01- 81;   27- 08- 59;           

        E- MAIL: poI1_atyrau@mail.ru

         Сенім телефоны: 27- 05- 47.  


        Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
         _____       ___                 ___      _____   
        |  __ \\    / _ \\      ___     / _ \\   / ____|| 
        | |  \ ||  | / \ ||    /   ||  / //\ \\ / //---`' 
        | |__/ ||  | \_/ ||   | [] || |  ___  ||\ \\___   
        |_____//    \___//     \__ || |_||  |_|| \_____|| 
         -----`     `---`       -|_|| `-`   `-`   `----`  
                                 `-`                      
        
         
        Наверх