Новости Атырау - Мунайлы Астана

    19 ноябрь 2017, 10:50
      Аймақ 24.11.2016, 18:37 28 пікір 2952 просмотров

      Келер жылы ҰБТ жаңа форматта өтеді

      Бұл туралы Атырауға келген ҚР Білім және ғылым вице- министрі Эльмира Суханбердиева ұлттық гимназия базасында түлектердің қорытынды аттестациясының өткізілуі және жоғары оқу орындарына  түсу принциптерінің ерекшеліктері туралы айтқан болатын.


      Оның айтуынша, алдымен, түлек бітіру емтиханын мектепте тапсырады. Кейін жоғары оқу орнына түсу үшін де тестілеу негізінде білім сынағынан өтеді. Мемлекеттік гранттарды тағайындау екінші сынақ қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

      -       Жүйе енгізілгелі алғашқы жылдан бастап бұл тестілеу қорытынды аттестаттау ретінде өзінің функциясын орындамай отыр. Себебі, ешқашан түлектердің 100 пайызы аталмыш тестілеу сынағына қатысқан емес. Жыл сайын ҰБТ-ға қатысудан бас тартатын түлектер саны 30 пайызға жетеді. Осыған байланысты, министрлік бұл емтиханды екіге бөлу жағдайын қарастырды. Яғни, мектепті бітіру және жоғары оқу орындарына түсу үшін екі емтихан өткізілмек. Оның біріншісі – мектепте, екіншісі жоғары оқу орындарында тестілеу негізінде ұйымдастырылады,- деді вице-министр.

      Министрлік ҰБТ құрылымын өзгерту барысында да үлкен талдамалы жұмыстар жүргізген.

      -       Бұл өзгерістерді енгізуге түлектерді білімдеріне сай бағалай алмай отырғанымыз, көптеген ата-ана мен мұғалімдердің «ұлттық бірыңғай тестілеу оқушылардың есте сақтау қабілетін жаттықтырғанымен, таза білімін анықтауға мүмкіндік бермейді» деген ойлары түрткі болды. Сондай-ақ, мектеп түлектерінің сынаққа толық қатыспауы – ҰБТ қорытындысы бойынша еліміздегі орта білімнің сапасы туралы тұжырым жасауға болмайтынын анық көрсетті, — деп түсіндірді министрдің орынбасары.

      -       «Қазақстан тарихы» пәнінен екі рет емтихан тапсыру қаншалықты қажет?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Ел тарихын білу ешқашан көптік етпейді, сондықтан, жастардың бойында патриоттық рухты қалыптастыру мақсатында осындай тұжырымға келіп отырмыз. Ал, «Алтын белгі» табысталатын түлектерді мектептің педагогикалық кеңесі анықтайды,- деді вице-министр.

      Белгілі болғанындай, жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыру үшін техникалық және кәсіби білім орындарын бітірушілер тапсыратын талапкерлерді кешенді тестілеу талаптары да өзгеріп отыр. Бұған дейін колледж түлектері тестті мектеп білімі негізінде тапсырса, жүйенің жаңа форматында колледждерде алынған білім ескеріледі. Кешенді тестілеу барысында талапкерлер алпыс сұраққа жауап береді: 20 тапсырма – жалпы бейінді пән бойынша және 40 тапсырма – бейінді пәндер бойынша (бұл тапсырмалар тереңдетілген академиялық білім деңгейін, сондай-ақ, тәжірибелік дағды мен ептіліктерін анықтауға бағытталған.). Яғни, талапкер жүз минут ішінде алпыс тапсырманы орындауы қажет.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

      Пікірлер

        • Гаухар
        • 25.11.2016

        ЕНТ уже давно нужно было реформировать. Удобнее, когда выпускные экзамены не смешивают со вступительными в вузы. Теперь просьбы родителей приняли во внимание и сделали так, как надо.

        • Серик
        • 25.11.2016

        Не думаю, что разделение ЕНТ на два этапа как-то негативно отразится на выпускниках. Наоборот, все будет проходить спокойнее, без надрыва, металлоискателей и удалений из аудитории.

        • Асет
        • 25.11.2016

        Правильно сделали, что подтверждение полученных в школе знаний - то есть получение аттестата и знака алтын бельги передали школам. Раньше так и было и никто не раздавал налево-направо золотые и серебряные медали. Потому что нужно на протяжении всех лет учиться на отлично.

        • Сапар
        • 25.11.2016

        Кто-то из древних сказал: "Можно не знать наук и быть образованным человеком, но нельзя быть образованным человеком, не зная истории".

        • Бинур
        • 25.11.2016

        Знания своей истории никогда не будет лишним. Да и детям будет легче потом сдавать госы по истории в ВУЗе. Тем более есть такие индивиды, которые учат историю только потому, что сдают по ним экзамены. Так что убирать никак нельзя

        • Еркын
        • 25.11.2016

        Менің ойымша, бұл дұрыс шешім: енді талапкерлер бұл сұраққа жауапкершілікпен қарайды.

        • Еңлік
        • 25.11.2016

        ҰБТ-ны өзгертіп, жаңалықтар ендіру арқылы біраз талаптар жоғарылап отыр. Бұл - оқушылардың білім сапасын жақсарту үшін жасалынып отыр.

        • Айзере
        • 26.11.2016

        Самое главное что не будет теперь зубрежки, дети действительно будут учить а не зазубривать. Хоть в памяти все останется!

        • Сауле Байбосын
        • 26.11.2016

        Правильно что разделили на два этапа! Наконецто взялись за ент и решили этот вопрос

        • Султан
        • 27.11.2016

        Я думаю ,что разделение ЕНТ на два этапа это реальный показатель знания абитурента.

        • Бакберген
        • 27.11.2016

        Білім министрлігі біршама жұмыс атқарды. Жарайсыздар! Даму үшін бізге өзгерістер керек

        • Айман
        • 27.11.2016

        Негізі бізде білім саласы жылдан жылға дамып келеді. Ол қуанарлық жағдай.

        • Айгерим
        • 27.11.2016

        Негізі біздің білім саласы жылдан жылған жақсарып келеді. Қуанарлық жағдай! Сағадиев мырза жарайсыз!

        • Даурен
        • 27.11.2016

        Жаңа формат жақсы маған ұнады. Жарайсың білім министрлігі! Осындай өзгерістер керек болды бізге

        • Молдир
        • 27.11.2016

        Керемет жаңалық! Біздер білім саласына көп назар аудару керекпіз! Себебі білімді ұрпақ, ол ертең жарқын болашақ!

        • Казбек
        • 27.11.2016

        Я тоже, это поддерживаю. Молодцы МОН и наш министр!

        • Айдана
        • 27.11.2016

        Енді бәрі түсінікті болды. Негізі білім министрлігі қазір жақсы жұмыс атқарып жатыр. Керемет

        • Айгүл
        • 28.11.2016

        Пікірлерге қарап отырсақ, біреу министрді мақтауға арнайы тапсырыс бергендей болып отыр. Әлде автордың өтініші ме? Бірақ, кей ата аналардың пікірімен санаспапсыздар. Қазір балаларын ЖОО-ларға апарып сол жерде емтихан тапсыртуға жағдайы жоқ отбасылар жетіп артылады. Яғни, келер жылы Алматы, Астана емес, облыстардағы оқу орындарына талас көп болатын шығар. Өйткені әйтеуір оқыса болды дейтіндер алысқа жібере алмаймыз деп отыр.

        • Maksut
        • 05.12.2016

        Я очень рад этим нововведениям, ЕНТ теперь будет проходить на высшем уровне, мы сможем объективнее оценивать знания учащихся, полученных за 11 лет в стенах школы. Самое важное, что наши дети больше не будут получать такой эмоциональной нагрузки как раньше. Правильно сделали, что подтверждение полученных в школе знаний – то есть получение аттестата и знака алтын бельги передали школам. Раньше так и было и никто не раздавал налево-направо золотые и серебряные медали. Потому что нужно на протяжении всех лет учиться на отлично. Тест зрелости))) хороший заголовок. Ну а если серьезно, то такой формат мне больше нравиться,чем раньше. Сейчас есть какая то конкретика, дети начнут серьезнее готовиться. Новый формат несомненно лучше и отвечает всем стандартам. Грамотность чтения, я думаю, необходимый предмет, такой экзамен уже есть во всех развитых странах, во всех известных экзаменах. Сам здавал что то подобное, когда устраивался на работу

        • Еркебулан
        • 27.12.2016

        Білім министрлігі жақсы жұмыс атқарды. Керемет! Жарайсыздар!

        • Максат
        • 27.12.2016

        Оқушыларға жалпы психологиялық тұрғыда жақсы болады деп сенемін. Керемет!

        • Сакен
        • 27.12.2016

        Керемет! Жалпы біздерге осындай өзгерістер керек болды.

        • Кали
        • 27.12.2016

        Замечательно! Обновленный формат сдачи государственного экзамена даст хорошие показатели

        • Оралбек
        • 27.12.2016

        Круто! Мне нравится новый формат экзаменов! Нужны были такие изменения

        • Алдияр
        • 27.12.2016

        Замечательно, что все таки пересмотрели сдачу ЕНТ. С психологической точки зрении школьникам легче будет сдавать экзамены

        • Алмаз
        • 27.12.2016

        Я рад, что у нас стране огромное внимание уделяют образованию. Это круто!

        • Тельман
        • 27.12.2016

        Я считаю, что нам нужны были такие изменения. Это хорошо отразится на качество знании учеников

        • Мержан
        • 27.12.2016

        Безусловно! Мне нравится нововведение! Молодцы МОН!

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _____      ______   _    _    __   __    _____   
      |  __ \\   /_   _// | |  | ||  \ \\/ //  /  ___|| 
      | |  \ ||   -| ||-  | |/\| ||   \ ` //  | // __   
      | |__/ ||   _| ||_  |  /\  ||    | ||   | \\_\ || 
      |_____//   /_____// |_// \_||    |_||    \____//  
       -----`    `-----`  `-`   `-`    `-`'     `---`   
                                                        
      
       
      Наверх