Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 ноябрь 2017, 5:02
      Қоғам 30.11.2016, 10:31 0 пікір 475 просмотров

      Қарабауда мәдениет үйі мен балабақша бой көтереді

      Бұл жайында бүгін Атырау өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылқоға ауданы әкімі Мақсот Мұқанов баяндады.


      Мақсот Мұқановтың айтуынша, бүгінде 100 орындық балабақшаның ғимаратына жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы берілген. Жобаның құны 288 917,0 мың теңге. Тапсырыс беруші «Атырау облыстық құрылыс басқармасы» ММ-сі. Құрылыс жұмыстарына қаржы бөлінген жоқ.

      Ал 300 орындық мәдениет үйінің құрылысына жоба-сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы шыққан. Жобаның құны – 338 млн. 828 мың теңге. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлуге облыс әкімінің бірінші орынбасарына хат жолданған.

      Сондай-ақ аудан әкімінің айтуынша Қарабау ауылынан дәрігерлік амбулаторияның құрылысы да жоспарланып отырған көрінеді. Барлық жаңа нысандардың құрылысы 2017 жылы басталады деп күтілуде.


      Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____    __   __   _    _     _____    _    _   
       /  ___||  \ \\/ // | || | ||  |  ___|| | \  / || 
      | // __     \ ` //  | || | ||  | ||__   |  \/  || 
      | \\_\ ||    | ||   | \\_/ ||  | ||__   | .  . || 
       \____//     |_||    \____//   |_____|| |_|\/|_|| 
        `---`      `-`'     `---`    `-----`  `-`  `-`  
                                                        
      
       
      Наверх