Новости Атырау - Мунайлы Астана

    23 ноябрь 2017, 11:22
      Қоғам 02.12.2016, 11:46 0 пікір 420 просмотров

      Елбасы бейнеленген банкнот айналысқа шықты

       Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  осы жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған номиналдық құны 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнотты айналысқа шығарды.


      ҚР Ұлттық Банкі Атырау филиалының Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімінің жетекші маман-экономисі  Бибігүл Кенжебекованың айтуынша,банкноттың дизайны айналыстағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде орындалған, яғни бет жағында бейнелер басым түрде тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан.Банкноттың өлшемі –149х79 мм.
            
      -Банкноттың бет жағындағы негізгі бейнелер - «Қазақ Елі» монументі, Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» бас киімінің бір бөлігі – «Өмір ағашы». Голографиялық металл жолақта астананың көрінісі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің факсимилесі және күннің стильдендірілген бейнесі орналасқан. Қазақстан картасының бейнесі көлбеу бұрышын өзгерткен кезде түсін өзгертетін қорғаныш элементін білдіреді. Картаның бетінде «МӘҢГІЛІК ЕЛ» деген жазба бар. Сонымен қатар Іле Алатауындағы тау тізбегі бейнеленген.
      Сол жағында ортасында номиналдың цифрлық бейнеленуі басылған. Банкноттың сырт жағында негізгі бейне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың портреті болып табылады. Портрет қағаздың бетінде бедерлікті қамтамасыз ететін және ұстаған кезде сезілетін интаглио (терең басу) әдісімен орындалған. Әлемдік практикада бұл әдіс банкноттардағы портреттерді орындаған кезде дәстүрлі әдіс,- дейді Б.Кенжебекова. Банкноттың таралымы – 100 000 дана.
      Айта кетейік, 1 желтоқсанда «рroоf» сапалы күмістен номиналы 5 000 теңгелік және номиналы 500 теңгелік Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ескерткіш монеталарда айналысқа шықты.



      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _    __   __   ______     _____             
      | \  / ||  \ \\/ // |      \\  |  ___||   ____    
      |  \/  ||   \ ` //  |  --  //  | ||__    |    \\  
      | .  . ||    | ||   |  --  \\  | ||__    | [] ||  
      |_|\/|_||    |_||   |______//  |_____||  |  __//  
      `-`  `-`     `-`'   `------`   `-----`   |_|`-`   
                                               `-`      
      
       
      Наверх