Новости Атырау - Мунайлы Астана

    22 октябрь 2017, 17:49
      Аймақ 05.12.2016, 10:19 0 пікір 443 просмотров

      41433 әскери бөлімі 70 сарбазбен толықты

      Атыраудағы "Батыс" өңірлік әскерлері қолбасшылығына қарасты 41433 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеуге шақыртылған 70 жас сарбаздың басым бөлігі Орал, Ақтөбе, Ақтау өңірлерінен келгендер. Отанды қорғауға, әскери борышты адал өтеуге салтанатты түрде ант қабылдаған қатардағыларды құттықтауға ата- аналары мен жақындары да қатысты.


      "Батыс" өңірлік әскерлері қолбасшылығына қарасты 41433 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары Бақтығали ӘЛІМБАЕВТЫҢ айтуынша, аталған әскери бөлімдегі жауынгерлер қатарына қосылған 70 жас сарбаздардың 35-і Маңғыстау және 35-і Батыс Қазақстан облыстарынан екен.

      - Сарбаздардың көңіл- күйлері мен моральдық- психологиялық жағдайы өте жоғары деңгейде. Антқа адал, сертке берік болу әр сарбаздың міндеті. Оны біздің жас сарбаздарымыз жақсы түсінеді деп сенеміз,- дейді ол.

      - Бүгін мен "Батыс" өңірлік қолбасшылығы Атырау қаласындағы 41433 әскери бөліміне Отан алдындағы борышымды өтеуге келдім. Біздің мақсатымыз- ел тыныштығын күзету, Отанға адал қызмет ету. Ал, әскери міндетті өтеу - әрбір қазақстандық азаматтың Отан алдындағы маңызды борышы. Сондықтан, бұл міндетті адал атқаруға уәде етемін!- дейді Ақтау қаласында туылған, бүгінде жас сарбаз атанған Бейімбет НҰРҒАБЫЛОВ.

      Сарбаздар ант қабылдағаннан кейін сапта жүру тәртібін көрсетті. Сондай- ақ, жиналғандар назарына әскери қызметшілер арнайы жауынгерлік оқу- жаттығуларын да ұсынды.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

       

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  __    ______               ___     _    _   
       | |/ //  /_   _//     ___     / _ \\  | \  / || 
       | ' //    -| ||-     /   ||  | / \ || |  \/  || 
       | . \\    _| ||_    | [] ||  | \_/ || | .  . || 
       |_|\_\\  /_____//    \__ ||   \___//  |_|\/|_|| 
       `-` --`  `-----`      -|_||   `---`   `-`  `-`  
                              `-`                      
      
       
      Наверх