Новости Атырау - Мунайлы Астана

    22 октябрь 2017, 14:08
      Қоғам 05.12.2016, 14:57 0 пікір 393 просмотров

      Ауыз сумен қамту – басты назарда

      Осы жылдар ішінде ауданның инженерлік инфрақұрылымында да толымды істер атқарылды. Мысалы, 1991 жылы тек 2 елді мекен ғана  газ желісіне қосылса, 2011 жылы шалғайдағы Бұқар ауылына дейін газдандырылып, аудан 100 пайыз көгілідір отынмен қамтылды. Индер ауданы әкімі Атырау өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай деді.


      Аудан әкімі Серік Бисешұлы баян еткендей, 1991 жылы Индербор кенті ғана таза ауыз сумен қамтылса, 2000-2003 және 2012-2014 жылдары аралығында ауданның 7 елді мекенінде ауыз су желілері мен су тазарту қондырғылары құрылысы жүргізіліп, аудан халқының 95,7 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды. Биылғы жылы Аққала, Ынтымақ, Құрылыс ауылдарындағы құрылысы аяқталған су тазарту қондырғылары мен су желілері іске қосылғанда, Индер ауданының халқы түгелдей сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

      Коммуналдық саладағы тағы бір атап өтерлік кұрылыс нысаны - жалпы құны 1 млрд 337,0 млн. теңге болатын – Индербор кентіндегі кәріз суларын тазарту кешенінің құрылысы 2011 жылы басталып, 2015 жылы аяқталды.


       

      Арай НҰҒЫМАНОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       ______      ___      _  __    _____     ______  
      |      \\   / _ \\   | |/ //  |  ___||  /_   _// 
      |  --  //  / //\ \\  | ' //   | ||__    `-| |,-  
      |  --  \\ |  ___  || | . \\   | ||__      | ||   
      |______// |_||  |_|| |_|\_\\  |_____||    |_||   
      `------`  `-`   `-`  `-` --`  `-----`     `-`'   
                                                       
      
       
      Наверх