Новости Атырау - Мунайлы Астана

    23 октябрь 2017, 8:42
      Қоғам 06.12.2016, 18:51 0 пікір 419 просмотров

      Атырау аймағындағы алты мыңнан астам адамға 68 866 мың теңге көмек беріледі

      Елбасының атынан өткізіліп отырған мұндай жалпы республикалық қайырымдылық акциясы Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр.  Аталған қомақты қаражат Атырау облысы бойынша тұрмысы төмен көп балалы отбасылар, «Күміс алқамен» және «Алтын алқамен» марапатталған аналар, ардагерлер мен мүгедектерге берілетін болады.


      Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында хабарлаған Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Злиха Таласбекованың айтуынша, іс-шараның мақсаты – ұлы мереке қарсаңында халықтың әлеуметтік осал санаттарына қолдау көрсету болып табылады.

      Қазіргі таңда Атырау қалалық және аудандық әкімдіктермен көмекке мұқтаж жандардың барлық санаттарының тізімдері жинақталып болыпты. Қайырымдылық іс-шараларын өткізуге жергілікті кәсіпкерлер мен бастамашыл жастар, үкіметтік емес ұйымдар және ерікті азаматтар да тартылуда. 

      Одан бөлек, брифинг барысында Злиха Таласбекова ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай журналистер мен фототілшілер арасында ұйымдастырылған «Мәңгілік Ел» шығармашылық конкурсының да жеңімпаздары анықталғанын хабарлады. Жүлде қоры 2 млн. теңгені құрайтын конкурстың қорытындылау шарасы 10 желтоқсанға жоспарланған.


      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______   _    _    __   __    _____    _    _   
       /_____// | || | ||  \ \\/ //  |  ___|| | |  | || 
       `____ `  | || | ||   \   //   | ||__   | |/\| || 
       /___//   | \\_/ ||   / . \\   | ||__   |  /\  || 
       `__ `     \____//   /_//\_\\  |_____|| |_// \_|| 
       /_//       `---`    `-`  --`  `-----`  `-`   `-` 
       `-`                                              
      
       
      Наверх