Новости Атырау - Мунайлы Астана

    22 октябрь 2017, 14:16
      Технология 07.12.2016, 10:22 0 пікір 704 просмотров

      «WhatsApp» қосымшасының қызметі атыраулықтарды да қызықтыруда

      «Қазақтелеком» АҚ-ның басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, «WhatsApp» арқылы тегін кеңес алу жүйесі өз тұтынушыларына барлық қажетті ақпаратты жедел және өздеріне ыңғайлы уақытта алуына мүмкіндік береді. Бұл туралы ол аталған компанияның Атырау қаласындағы филиалының ғимаратында өткен жиында мәлімдеді.


      Оның сөзінше, жеке және заңды тұлғалар телекоммуникация қызметтеріне ұялы байланыстың «WhatsApp» қосымшасы арқылы өтініш беріп, тегін кеңес ала алады.

      Жиында республиканың алты өңірінде пилоттық режимде жүзеге асып жатқан «WhatsApp»  қосымшасының қызметі таныстырылды. Белгілі болғанындай, қосымша арқылы өтініштерді қабылдау кезінде операторлар барлық өтінімдерді компанияның мамандарына береді, олар қызметтерді ұсынуға арналған шарттарды жасап, қажетті ресімдерді орындау үшін тұтынушыға өздері барады. Бұл тұрғындардың уақытын да үнемдейтін көрінеді.

      Аталған жүйе енгізілгеннен бастап бір айда алты филиалдың операторы 700-ден астам өтініш қабылдаған болса, олардың ішінде Атырау облыстық телекоммуникация дирекциясы 300 арызды тіркеп, көш бастап тұр екен.

      -       Аталған жүйе аз уақыттың ішінде пайдаланушылар тарапынан қызығушылық тудырып  отырғандығын көрсетті. Коммуникация арналарын кеңейту жұмыстары әрі қарай жалғастырылып, жылдың соңына дейін осы бағдарлама барлық аймақтық филиалдарда енгізіледі. Алдағы уақытта көрсетілетін қызметтердің бәрін интернет желілері арқылы пайдалану жобалары жоспарлануда- деді Қ.Есекеев өз сөзінде.


      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______     ___      _____      ___      _____   
       /_____//   / _ \\   / ____||   / _ \\   /  ___|| 
       `____ `   / //\ \\ / //---`'  / //\ \\ | // __   
       /___//   |  ___  ||\ \\___   |  ___  ||| \\_\ || 
       `__ `    |_||  |_|| \_____|| |_||  |_|| \____//  
       /_//     `-`   `-`   `----`  `-`   `-`   `---`   
       `-`                                              
      
       
      Наверх