Новости Атырау - Мунайлы Астана

      22 шілде 2018, 18:39
        Қоғам 07.12.2016, 12:48 0 пікір 968 просмотров

        Қазақстандық 16 компания сертификат алды

        Атырауда кеше Солтүстік Каспий жобасының операторы  «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» («НКОК») компаниясы еліміздің түрлі қалаларындағы қазақстандық 16 компанияға Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның (СХҰ)  ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 сертификаттарын  салтанатты түрде тапсырды.


        Олардың барлығы Сапаны басқару орталығы («QMC» ЖШС) өткізген оқудан ойдағыдай өтіп, Rina Services SpA Kazakhstan компаниясымен сертификатталды. Оқу мен сертификаттау шығындарын «НКОК» компаниясы қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді арнайы бағдарлама шеңберінде өз мойнына алды. Бағдарлама міндеттерінің бірі жергілікті компаниялардың халықаралық стандарттарға сәйкес тұрақты дамуына ықпал етуге, сонымен қатар қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Айта кету керек,  «НКОК» компаниясы Солтүстік Каспий жобасын жүзеге асыруға қазақстандық компанияларды барынша тартуды қолдап қана қоймай, сонымен бірге Жобаға тартылған компаниялардың халықаралық стандарттарға жетуіне белсенді түрде көмек көрсетуде.


        Гүлзада Қожабергенқызы

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
         ______     _____     ____      _____    __   __  
        |      \\  |  ___||  |  _ \\   |  ___||  \ \\/ // 
        |  --  //  | ||__    | |_| ||  | ||__     \   //  
        |  --  \\  | ||__    | .  //   | ||__     / . \\  
        |______//  |_____||  |_|\_\\   |_____||  /_//\_\\ 
        `------`   `-----`   `-` --`   `-----`   `-`  --` 
                                                          
        
         
        Наверх