Новости Атырау - Мунайлы Астана

      24 наурыз 2019, 16:01
        Қоғам 07.12.2016, 15:06 0 пікір 1176 просмотров

        Прокуратура органдарының құрылғанына – 25 жыл!

        Кеше, 6 желтоқсан күні Атырау облысының прокуратурасында Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылғанына 25 жыл толу мерейтойына арналған салтанатты жиналыс өтті. Кәсіби мерекеге орай, облыс прокуроры Ғалымжан ТОҒЫЗБАЕВ сөз сөйлеп, прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтады.


        -1991 жылы еліміз Тәуелсіздік алған сын сағаттарда  прокуратура органдары кездескен қиындықтарға қарамастан қалыптасқан жағдайға байланысты тез арада бағыт-бағдарын айқындап,  прокурорлық қадағалаудың тиімді тәсілдерін енгізуге күш салды. 1991 жылдың 6-шы желтоқсанында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің  Қаулысымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Бас прокурорына бағынатын бірыңғай прокуратура органдарының жүйесі құрылды. Содан бергі  25 жылда прокуратура органдары қалыптасу, беку жолынан өтіп, жас мемлекетімізбен бірге дамып мерейлі мерекені үлкен жетістіктермен қарсы алып отыр. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары  ширек ғасыр ішінде айрықша өзгерістер мен жаңаруларды бастан кешіріп, заңдылықтың сақталуы мен заңдардың қолданылуын қадағалауда ел еңсесін көтерерліктей істер тындырып, халықтың сенімді тірегіне айналды. Әлем жұртшылығына даңқын жайып, ел мерейін еселей көтеріп жатқан Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы  тұсында   прокуратура органдарының ширек ғасырлық атаулы күні бәріміз үшін есте қаларлықтай көтеріңкі көңіл күй, шалқар шаттық, шексіз қуаныш әкелсін. Осы жолда қызмет атқарып келе жатқан әріптестерді және ардагерлерімізді төл мерекемен салтанатты түрде құттықтай отырып, жеке бастарыңыз бен отбасыларыңызға баянды бақыт, мықты денсаулық, әулет бүтіндігін, бас амандығын, ұрпақ қуанышын, прокурорлық саладағы мәртебелі қызметтеріңізге жеміс пен жеңіс тілеймін!, - деп атап өтті өз сөзінде облыс прокуроры. Бұдан кейін қызметтік парыздарын үлгілі атқарып, құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту ісіне қосқан елеулі үлестері үшін облыстық прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен марапатталды. Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.


        Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
         _    _     ______   _____      ______   __   _   
        | || | ||  /_   _// |  __ \\   /_   _// | || | || 
        | || | ||   -| ||-  | |  \ ||   -| ||-  | '--' || 
        | \\_/ ||   _| ||_  | |__/ ||   _| ||_  | .--. || 
         \____//   /_____// |_____//   /_____// |_|| |_|| 
          `---`    `-----`   -----`    `-----`  `-`  `-`  
                                                          
        
         
        Наверх