Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 12:31
      Экономика 07.12.2016, 15:09 0 пікір 548 просмотров

      Қазақстандықтар науқанда 7900-ден астам банк шоттарын ашты

      Жария ету жөніндегі науқанның қолданылу кезеңі ішінде, яғни 2014 жылғы 1 қыркүйек – 2016 жылғы 30 қараша аралығында банктер 7917 банк шотын ашып, оларға шамамен 2 трлн. 860 млрд. теңге салған. Бұл туралы кеше ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында сөйлеген сөзінде хабарлады.


      Д.Ақышев 2016 жылғы 1-30 қараша аралығында 2501 банк шотының ашылғанын, шамамен 652 млрд. теңге салынғанын нақтылады. Бұл ретте 2 трлн. 558 млрд. теңгеден кем емес шетелдік валютада, басым түрде АҚШ долларымен жария етілді, бұл жалпы жария етілген ақша сомасының 89%-ын құрайды.

      -Жария етілген ақшалай қаражаттың жартысынан көбі 56% банк шоттарына қолма-қол нысанда салынды. Қолма-қол емес аударымдар арқылы 44 пайыз аударылды, оның ішінде 14 пайызы шетелдік банктердегі шоттардан аударымдар», – деді Д.Ақышев. Ол сондай-ақ ақшаны жария ету мақсаты үшін шетелден Қазақстан Республикасына ақша негізінен Швейцариядан, Ресейден, Сингапурдан, Ұлыбританиядан, Лихтенштейн Корольдігінен түсті деп толықтырды. Сонымен қатар, қаржы реттеушісі басшысының ақпараты бойынша арнайы шотта қаражатты сақтау бойынша талаптың күшін жоюына байланысты, азаматтар жария ету рәсімдері аяқталғаннан кейін ақшаны арнайы шоттардан қайтадан әдеттегі банк шоттарына аударуды жөн көреді. Жария ету кезеңі ішінде арнайы шоттардан басқа банк шоттарына ақшалай қаражаттың 59 пайызы аударылды. Бұл ретте, Д.Ақышев атап өткендей, жария етілген ақша негізінен Қазақстанның банктерінде ашылған банк шоттарына аударылады. Шетелдік банктерде ашылған шоттарға жария етілген ақшаның 7 пайызына жуығы аударылды. Ұлттық Банктің Төрағасы биылғы  жылғы 1 тамыздан бастап азаматтың қалауы бойынша салық органдарына декларацияны екінші деңгейдегі банктер арқылы беру мүмкіндігі іске асырылатынын хабарлады. Д.Ақышев атап өткендей, бүгінгі күні азаматтардан осындай өтініштер түспеген. Облыстар бойынша ақпаратқа қатысты айтатын болсақ, ашылған шоттарының саны және оларға салынған қаражат бойынша Алматы, Астана қалалары, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары алда келеді. Атырау облысы алтыншы орында.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  __     ___     _____     _    _    _    _   
       | |/ //   / _ \\  |  __ \\  | || | || | || | || 
       | ' //   / //\ \\ | |  \ || | || | || | || | || 
       | . \\  |  ___  ||| |__/ || | \\_/ || | \\_/ || 
       |_|\_\\ |_||  |_|||_____//   \____//   \____//  
       `-` --` `-`   `-`  -----`     `---`     `---`   
                                                       
      
       
      Наверх