Новости Атырау - Мунайлы Астана

    23 октябрь 2017, 8:38
      Аймақ 07.12.2016, 15:15 0 пікір 368 просмотров

      Қыста өрт қаупі көбейеді

      Қыс айларында өрт оқиғаларының көбею салдарынан облыста төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында осы сала мамандары тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақыруда.


      Яғни, «тілсіз жаумен» арпалысқаннан гөрі, оның алдын алған абзал. Осы мақсатта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде  Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №1 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны А. Жакупов:

      -Ауа-райының суық болуына байланысты тұрғындар электр жылыту құралдарын белсенді түрде қолдана бастайды. Сонымен бірге көп жағдайда үйлер мен пәтерлерді жылыту үшін тұрғын үй үшін ғана емес, адам өміріне де қауіп төндіретін ақауы бар жылытқыштар қолданылатындығы белгілі. Адамдардың басым бөлігі олардың пәтерлерінде өрт орын алмайды деп есептейді. Дегенмен,өрт – бұл қатерлі құбылыс немесе кездейсоқтық жағдай емес, бұл адамдардың қателігінен немесе әрекетсіздігінен орын алатындығын айта кету қажет. Сондықтан қысқы өрт қауіпті кезеңде Атырау қаласы №1 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері тұрғын үй секторында өрттің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіп, өрт кезінде әрекет ету ережелерін түсіндіріп және тұрғындар өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ұмытпауы үшін шұғыл қызмет телефондары көрсетілген жадынамалар таратуда. Мұндай шара бөлімнің көмек көрсетуге  шыққан ауданындағы тұрғын үй секторын толық көлемде қамтуға және тұрғындардың назарына тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттілігі туралы уақытылы жеткізуге мүмкіндік береді, - дейді. Сонымен қатар, облыста табиғи және улы газдан уланғандар дерегі тіркелуде. Сондықтан өрттен құтқарушылар адам өміріне қауіп төндіретін осындай оқыс оқиғалардың орын алуына жол бермеуге үндейді.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______     ___      _  __   _    _    __   _   
       /_____//   / _ \\   | |/ // | || | || | || | || 
       `____ `   | / \ ||  | ' //  | || | || | '--' || 
       /___//    | \_/ ||  | . \\  | \\_/ || | .--. || 
       `__ `      \___//   |_|\_\\  \____//  |_|| |_|| 
       /_//       `---`    `-` --`   `---`   `-`  `-`  
       `-`                                             
      
       
      Наверх