Новости Атырау - Мунайлы Астана

    21 октябрь 2017, 10:38
      Қоғам 07.12.2016, 15:17 0 пікір 412 просмотров

      Алиментті кімдер төлей алмай жүр?

      Бүгінде қоғамда өз туған баласына алимент төлеуден жалтаратындардың саны неліктен азаймай отыр? Көбінесе қандай топтағы адамдар борышын өтеуге құлықсыз?  


      Жасыратыны жоқ, борышкерлердің ішінде, әсіресе алимент төлегісі келмейтіндердің саны жасалып жатқан жұмыстарға қарамастан азаятын емес. Мамандар пікірінше, парызын түсініп, алиментті өз еркімен төлеушілер саны жылдан – жылға кемуде. Бұрынғы кезде мемлекеттік сот орындаушылары алиментке қатысты істің көптігінен үлгере алмай жатса, биылғы жылдың басынан бастап алимент өндірумен жеке сот орындаушылары айналыса бастады.  Олар сонымен қатар, өзгеріс енгізілген заң негізінде сомасы 1000 АЕК-ке дейінгі жеке және заңды тұлғалардың пайдасына ақша өндіру, еңбек ақы өндіру, мемлекет пайдасына әкімшілік, азаматтық, қылмыстық істер бойынша шығарылған сот актілері, уәкілетті органдардың  әкімшілік айыппұл өндіру туралы қаулыларынқабылдауда. Атқару ісі өндірісінің тиімділігін арттыру мақсатында заңдарға енгізілген өзгерістерге сәйкес сот орындаушыларға банктерден борышкерлердің есеп шоты туралы ақпараттарды алу қолжетімділігі беріліп, борышкердің банктегі есеп шотына тыйым салу құзыреті енгізілгенін айта кеткен жөн. Бүгіндеоблыста  51 жеке  сот орындаушысы қызмет етуде. Оның 36-сы Атырау қаласында, 15-і аудан орталықтарында жұмыс атқарады. Осы жылдың 9 айында  олардың  өндірісінде  39 318 114 558 теңгені құрайтын  55877 атқару құжаттары орындауға түскен екен.

      Атырау облыстык Әділет департаменті басшысының орынбасары Асулан Каримовтың айтуынша, осы жылдың 9 айындаалиментке қатысты орындауда 7992атқару құжаты болып, оның 948-і  аяқталған екен. Оның 235-і нақты аяқталса, 530ісөндіріп алушыларға қайтарылыпты. Ал,183атқару өндірісі өндірістен қысқартылған. Қалдықта 7044атқару құжаты қалып отыр. Оның 22-і борышкерлерге сот ұйғарымы бойынша іздеу жариялануына байланысты тоқтатылған.7044 атқару құжатының  ішінде 4332 борышкерлердің жалақыларынан ұсталуда. 1074 борышкер өз еріктерімен төлеп жатыр.

      -Орындауы мүмкін болмай отырған210алимент өндіру туралы атқару құжатының бүгінгі таңда берешегі 49 148 956 теңгені құрайтын 133 атқарушылық құжаты өндіріп алушылардың арызы негізінде қайтырылып, 77 алимент өндіру туралы атқару өндірісін орындауға қиынға соғуда. Себебі, борышкерлердің әлеуметтік жағдайы ең төменгі дәрежеде, борышкердің жұмыспен қамтылмауы, өндіріп алуға болатын ақша-қаражатының, жылжыйтын немесе жылжымайтын мүлкінің болмауы болып отыр. Алайда, бұл борышкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылған, ҚР жерінен тыс жеріне шығуына шектеу қойылған. Ал, 2095 борышкерге «Беркут» жүйесі бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлеріне шығуына уақытша шектеу қойылды. Алимент өндіру туралы сот актілері бойынша барлығы 978 борышкер ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ҚРӘҚБтК-нің 670-бабымен 34мекеме есепшілері әкімшілік жауапкершілікке тартылған, олардың барлығына әкімшілік айыппұл салынған. Осы жылдың өткен мерзімінде ҚР ҚК-нің 139 бабымен 85  борышкерге қатысты қудалау органына қылмыстық материал жолданып, оның 78-і оңалту рәсімімен қысқартылса, 7 қылмыстық материал зерделену барысында қалып отыр, - дейді департамент басшысының орынбасары А.Каримов.

      Айта кету керек, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс-жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңымен уақытылы алимент өндіру мәселесін шешу мақсатында Әділет департаменті, қалалық прокуратура, Жеке сот орындаушылар Өңірлік палатасы және Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшыларыосы жылдың 22 ақпан күні Меморандумға қол қойған болатын. Бүгінде солмеморандум бойынша мемлекеттік және жеке сот орындаушылар жұмыссыз борышкерлердің тізімін жасақтап, жұмыспен қамту бөліміне жолдауда.


      Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __    ______   _____       ___      ______  
       \ \\/ //  /_   _// |  __ \\    / _ \\   /_   _// 
        \   //    -| ||-  | |  \ ||  | / \ ||    | ||   
        / . \\    _| ||_  | |__/ ||  | \_/ ||   _| ||   
       /_//\_\\  /_____// |_____//    \___//   /__//    
       `-`  --`  `-----`   -----`     `---`    `--`     
                                                        
      
       
      Наверх