Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 10:21
      Аймақ 08.12.2016, 12:25 0 пікір 471 просмотров

      Чек талап етіп, жүлде ұтты

      7 желтоқсан күні Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде республика бойынша өткізіліп жатқан «Чекті талап етіп, жүлде ұтып ал!» атты акцияға қатысып, жүлде ұтқан атыраулықтарға жүлделері табыс етілді.


      Еске сала кетейік, аталған акция осы жылдың 1 қазанынан бастап ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ұйымдастыруымен және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының  қолдауымен  республика аумағында өткізіліп жатыр. Ондағы мақсат - азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Аталған акция «Атамекен» ҰКП-ң қаржылық қолдауымен электрондық форматта көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы жүзеге асырылуда. Бір тиімдісі отандық мамандар дайындаған бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады. Өткен қараша айында республика бойынша  акцияға   21 110 адам  қатысып, олар 830 127 чек жіберген. Соның ішінде Атырау облысынан 726 адам қатысып, 32 970 чек жіберілген. Ұтыс ойынының қортындысында Құлсары ауданынан А.Айтқалиев «Elenberg» телевизорын, Атырау қаласынан Г. Аренова «Elenberg» шаңсорғышын, З.Жұмағалиева «Polaris» мультиваркасын ұтып алды. Акция 15 желтоқсанға дейін жалғасады.  Соңғы ұтыс ойыны Астана қаласында Мемлекеттік кірістер комитетінде болады. Онда бағалы жүлделер, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынбақ.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  _      ___     _    _      ___      _____   
       | \| ||   / _ \\  | \  / ||   / _ \\   /  ___|| 
       |  ' ||  | / \ || |  \/  ||  | / \ || | // __   
       | .  ||  | \_/ || | .  . ||  | \_/ || | \\_\ || 
       |_|\_||   \___//  |_|\/|_||   \___//   \____//  
       `-` -`    `---`   `-`  `-`    `---`     `---`   
                                                       
      
       
      Наверх