Новости Атырау - Мунайлы Астана

    11 декабрь 2017, 8:21
      Қоғам 09.12.2016, 11:38 0 пікір 501 просмотров

      Атырауда зардап шеккен әйелдер Дағдарыс орталығына орналастырылуда

      Еске сала кетейік, елімізде 25 қараша - 10 желтоқсан аралығында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Зорлық - зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізілуде.


      Акция барысында атқарылған жұмыстар туралы 8 желтоқсан күні облыстық Ішкі істер департаментінде брифинг өтті. ІІД Жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы полиция подполковнигі Бибігүл Төлегенованың айтуынша, шара кезінде Ішкі істер органдарының сенім телефондары арқылы  «жедел желіге» 68 қоңырау түскен.Оның ішінде  39 құқықтық кеңес беріліп, 14 психологиялық көмек көрсетілсе, 15 адам ІІО-на өтініш жасаған. Осы  хабарламалар бойынша  13 азамат әкімшілік жауапкершілікке, 2 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.Жалпы, жыл басынан ішкі істер органдарына 293  жәбір көрген әйелдер арызданған екен. ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы, яғни «отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер»бойынша отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында жүргізілген шаралар  кезінде әйелдерге қатысты жасалған 1000-нан астам түрлі құқық бұзушылықтар анықталған. Атырауда «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырған әйелдерге көмек көрсету» бөлімшесі, яғни Дағдарыс орталығы  ашылғалы тәртіп сақшылары осы бөлімшемен бірлесіп, тығыз байланыста   жұмыс жасауда.

      -Жыл басынан аталған бөлімшеге зорлық-зомбылыққа ұшыраған 60 жуық адам, оның   23 азаматша 40 жасөспірім балаларымен орналастырылды. Қазіргі күні аталмыш мекемеде  4 әйел адам және 8 жасөспірім бар. Жалпы күні бүгін  бөлімшеден 365 әйел адам құқықтық кеңес алған. Атырау облысында зардап шеккен әйел адамдарды Дағдарыс орталығына орналастыру және құқықтық кеңес беру жұмыстары жалғасуда. Облыс ішкі істер органдары қызметкерлерімен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйел адамдарға көмек көрсету» бөлімшесінен шыққан әйел адамдардың тұрмыстық жағдайын тексеру мақсатында локальды-рейдттік іс-шаралары өткізіліп тұрады .Аталмыш акция аяқталғанмен, облысішкі істер органдарының қызметкерлері, отбасы-тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықпен қылмыстардың алдын-алудағы жұмыстарын, әйел адамдарды зорлық-зомбылықтан қорғау бағытындағы жұмыстар жалғаса береді. Жалпы, біздің ойымыз, барлық әйел-ана Ішкі істер органдары мен дағдарыс орталықтарын жағаламай, өз шаңырағында бақытты өмір сүруге лайықты, - дейді ІІД Баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.


       

      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _     ______    _  _     _____             
      | || | ||  /_   _//  | \| ||  |  ___||     ___   
      | || | ||   -| ||-   |  ' ||  | ||__      /   || 
      | \\_/ ||   _| ||_   | .  ||  | ||__     | [] || 
       \____//   /_____//  |_|\_||  |_____||    \__ || 
        `---`    `-----`   `-` -`   `-----`      -|_|| 
                                                  `-`  
      
       
      Наверх