Новости Атырау - Мунайлы Астана

    14 декабрь 2017, 6:33
      Аймақ 12.12.2016, 14:06 0 пікір 509 просмотров

      Ноғаев: Қоғамды ұлтсызданудан қорғауымыз керек

       Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қазақ қоғамын ұлтсызданудан қорғауымыз керек деп мәлімдеді.


      Аймақ басшысы бұл туралы облыста өткен республикалық Жұмекен Нәжімеденов оқулары кезінде айтты. “Арамызда дәстүрін, мәдениетін ұмытып бара жатқан азаматтар бар. Біз ұл-қыздарымызды ұлтсызданудан қорғауымыз керек. Ал, бұл процеске төтеп беретін бірден-бір нәрсе – рухтың биіктігі. Жастар рухқа азық болатын халқының мұраларынан үнемі нәр алып отыруы қажет”, - деді Нұрлан Ноғаев. Айта кетелік, Жұмекен Нәжімеденов атындағы республикалалық көркем сөз оқу шеберлері сайысы облыста биыл бірінші рет өткізіліп отыр. Байқау қорытындысы бойынша, атыраулық үміткер Нәзира Әшім бірінші орынды еншілесе, Ақмола облысынан келген Перизат Мұратқызы мен маңғыстаулық Айдос Жұмабаев жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Ал, атыраулық Нұрдәулет Табылдиев, Шығыс Қазақстаннан келген Арайлы Алтаева, Оңтүстік Қазақстаннан қатысқан Назерке Құлжабаева өзара үшінші орынды бөлісті. Талапакерлерге ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Серік Тұрғынбекұлы, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, жазушы Мереке Құлкенов, филология ғылымдарының докторы, ақын Қадір Жүсіп және Атырау облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов қазылық етті. Жұмекен Нәжімеденов – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.


       Атырау облысы әкімі баспасөз қызметі

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  _     ______  __    __     ___     __   __  
       | \| ||  /_   _// \ \\ / //   / _ \\   \ \\/ // 
       |  ' ||   -| ||-   \ \/ //   | / \ ||   \   //  
       | .  ||   _| ||_    \  //    | \_/ ||   / . \\  
       |_|\_||  /_____//    \//      \___//   /_//\_\\ 
       `-` -`   `-----`      `       `---`    `-`  --` 
                                                       
      
       
      Наверх