Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 октябрь 2017, 11:53
      Аймақ 13.12.2016, 12:57 0 пікір 490 просмотров

      Жастар форумы өтті

      2003 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы 9 - желтоқсанды Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні деп жариялады.


      Атаулы күнге орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру мақсатында облыстық жастар форумын өткізді.
      Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өткен жастар форумына 400- ден астам жастар, барлық мемлекеттік орган басшылары, жастар мен облыс белсенділері мен  ҮЕҰ өкілдері қатысты. «Шараның мақсаты жастардың бойында құқықтық мәдениетін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы имидждік саясатты қалыптастыру» - деді
      форумды ашқан  департамент басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов. Ол сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі мақсаты мен бағыттарын түсіндіріп, жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, отансүйгіштік сезімді, жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мәселелесін қозғады. Форумда Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.К.Жаншабай  сөз сөйледі. Форум соңында облыста сыбайлас жемқорлықпен күресте атсалысып жүрген бірқатар белсенді қоғам өкілдері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері алғыс хатпен марапатталды.


      МА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       ______     _____      _____     ___      _____   
      |      \\  |  ___||   / ___//   / _ \\   /  ___|| 
      |  --  //  | ||__     \___ \\  / //\ \\ | // __   
      |  --  \\  | ||__     /    // |  ___  ||| \\_\ || 
      |______//  |_____||  /____//  |_||  |_|| \____//  
      `------`   `-----`  `-----`   `-`   `-`   `---`   
                                                        
      
       
      Наверх