Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 11:29
      Аймақ 14.12.2016, 15:39 4 пікір 827 просмотров

      Әлеуеті дамыған Махамбет

      Жайық өзені бойындағы 89 шақырым судан қорғану бөгеттерін жөндеу, жаңа ықшам аудандарды инженерлік – инфрақұрылыммен қамту, ауылшаруашылығын өркендету үшін аудан аумағындағы 9 каналға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, аудан орталығынан тұрмыстық қалдықтар полигонын салу. Бұл алдағы уақытта атқарылуы тиіс Махамбет ауданынының өзекті мәселелері. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен брифингте Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Азамат Айманамкунов айтып берді.


      Оның айтуынша, Махамбет ауданы экономикасының негізгі бағыты - ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту бүгінде қарқынды дамып келеді. Ауыл шаруашылығында осы жылдың 10 айында ол  8 млрд. 675 млн. теңгеге жеткен. Мал  шаруашылығында   өндірілген өнімдер 2 еседен 3 есеге дейін артқан. Сондай-ақ, бүгінде аудан шаруашылықтары «Сыбаға», «Құлан»  бағдарламаларының игіліктерін көруде. Ауданда «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы да жүзеге асуда. Ол бойынша 2 кәсіпкерлік  нысанға инженерлік инфрақұрылым тегін тартылып берілсе, 16 кәсіпкер 1 млрд. 852 млн. теңге несие алған. Ал, екі  кәсіпкерге 4,8 млн. теңге грант берілген. Яғни, Тәуелсіздік жылдары ішінде белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1564 бірлікке жетіп, 71 есеге артқан. 


       

      Жаңа жұмыс орындары ашылады

      Айта кету керек, 2013 жылдан бері ауданда өңірдің индустрияландыру картасына енген жалпы құны 7,5 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба іске асырылған екен.  Оларда 223 жұмыс орны ашылған болатын. Ал, қазір ауданда 4 ірі жоба іске асырылуда. Олар - Алмалы ауылдық округіндегі 1000 бас мүйізді ірі қара малын бордақылау алаңының құрылысы. Мұнда 22 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Сарайшық ауылындағы 30 мың бас қаз өсіру фермасы («САРЭКО» ЖШС-і).  Іске қосылғанда 10 адам жұмыспен қамтылмақ. Сондай-ақ,  Талдыкөл ауылындағы «Олимпик-Атырау» ЖШС-нің демалыс кешенінің құрылысы. Мұнда 14 жаңа жұмыс орны, Аққайын ауылындағы 4000 басқа арналған бөдене фермасында  5 жаңа жұмыс орны құрылмақ.  Бұдан басқа ауданда халықты жұмыспен қамту жайы да жүзеге асуда.  Ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыздықты азайту бағытында қабылданған «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы іске асқалы оның бірінші бағыты бойынша 29 нысан күрделі жөндеуден өтіп, 2 жаңа ауылдық емхана салынған. Оларда 672 адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, 240 адамға 656 млн. теңге шағын несие беріліп, 155 жұмыс орындары ашылған. Осы жылдың 10 айында 527 адам жұмысқа орналасқан. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 593 жұмыссыз, жастар тәжірибесіне 36, қайта даярлауға 64 адам жіберіліп,  әлеуметтік жұмыс орындарымен 27 адам қамтылды. Нәтижесінде ауданда жұмыссыздық  деңгейі 4,1 пайызды құраған.

       

      Тұрғын үй мен ауыз су мәселесі

      Әкім орынбасары өз сөзінде ауданда тұрғындар қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып жатқанын айтты.  2001 жылмен салыстырғанда тұрғын үй құрылысы 8 есеге артып,  биылдың өзінде 22 мың шаршы метр пайдалануға берілген. 2014 жылы ауданға келген мамандарды тұрақтандыру мақсатында Махамбет ауылында 10,  Алға, Ақжайық ауылдарында екеуден бірпәтерлік  тұрғын үйлер пайдалануға берілген.  Қазір аудан бойынша тұрғын үй кезегінде  523 адам тұр. Сұранысты кезең - кезеңмен қанағаттандыру үшін аудан орталығынан демеушілер есебінен 3 қабатты 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.  Тағы осындай 2 үйдің жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталу үстінде. Ал, ауыз су мәселесі аудан халқын бұрыннан мазалап келе жатқан мәселе. Қазір су желісі тартылғанымен су тасымалдап ішіп отырған ауылдар бар. Ауданда 23 елді мекеннің 14-і орталықтандырылған су желісін пайдаланса, қалған елді мекендерге су тасымалдау  арқылы жеткізілуде.  Бұл бағытта әлі де жұмыстар жүргізілетінін айтқан әкім орынбасары биыл 4 ауылда, яғни Махамбет, Алға, Алмалы, Таңдай, Ортақшыл ауылдарында су тазарту қондырғылары мен ауылішілік су желілерін қайта жаңғырту  жұмыстары жүргізіліп жатқанын да айтты. Ауданда газ тарту жұмысы үздіксіз жүргізілуде екен. Қазір ауданның 17 елді мекені табиғи газ отынын пайдаланып отыр. 2015 жылы Махамбет ауылының «Шаттық» ықшам ауданына газ желісі тартылса, Жалғансай, Береке ауылдарында құрылыс жұмыстары басталады. Махамбет ауылындағы «Мерей» ықшам ауданын газдандыруға жобалау-сметалық құжаттама жасақталу үстінде. А.Айманамкунов ауданның білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласында атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістерге тоқталып қана қоймай, алдағы міндеттерді де тілге тиек етті. Оның айтуынша, Алға - Егіз каналын күрделі жөндеуге, 14 елді мекенде электр, газ, су желілерінің  және Бала Ораз, Ө.Атамбаев ауылдарына табиғи газ желісінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама жасақтау жоспарланып отыр екен.  Сонымен қатар,  Махамбет ауылының жаңа ықшам аудандарына көше жарығы, 2 ауылдың (Талдыкөл және Махамбет ауылының «Шаттық» ықшам ауданына) электр желісінің құрылысын, 4 ауылға (Алға, Бейбарыс, Есбол, Жалғансай) жазғы су желілерінің құрылысын жүргізу көзделуде. 2017 жылы Бала Ораз ауылынан Сарытоғай ауылына дейінгі  жолды, 5 ауылдың (Махамбет, Ақтоғай, Талдыкөл, Бейбарыс, Жалғансай) ауылішілік жолдарын күрделі жөндеу және 4 ауылдың (Махамбет, Бейбарыс, Сарайшық, Алмалы) жаяу жүргіншілер жолын күрделі  жөндеуге  жобалау-сметалық құжаттама  жасақтау болжанып отыр. Білім беру саласында да жүзеге асар шаруа көп. Мысалы, Алмалы, Сарайшық ауылдарынан 80 орындық мектеп, Таңдай ауылынан 80 орындық мектеп жанындағы интернат,  Алға ауылында 160 орындық балабақша құрылыстарының және Сарайшық ауылында ауылшаруашылығы колледжінің ескі жатақхана ғимаратын балабақшаға бейімдеу үшін күрделі жөндеудің жобалау-сметалық құжаттамаларын жасақтау жоспарланып отыр екен. Жасыратыны жоқ, Махамбет ауданы дегенде онда туризмді дамыту жөнінде айтпай кету мүмкін емес. Өйткені, тарихи орын ескі Сарайшық қаласы орналасқан аймақ туризмді дамытуды сұранып тұр. Қазір ауданда «Хан Ордалы Сарайшық» мұражайы, «Бугорки» демалыс кешені, «Мекен» аңшылық кешені, «АтырауАгроӨнімдері», «Аққайың», «Бақылан» демалыс орындары халыққа қызмет көрсетіп жатса, өткен жылы Талдыкөл ауылынан «Олимпик Атырау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі демалыс кешенінің құрылысын бастапты. Бұл ретте аудан әкімінің орынбасары ауданда туризмді дамытуға толық мүмкіндік бар екенін айтады.


       Гүлзада Қожабергенқызы

      Суретті Өңірлік коммуникация қызметі ұсынды

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______     ___      _  _      ___     _    _   
       /_____//   / _ \\   | \| ||   / _ \\  | \  / || 
       `____ `   / //\ \\  |  ' ||  | / \ || |  \/  || 
       /___//   |  ___  || | .  ||  | \_/ || | .  . || 
       `__ `    |_||  |_|| |_|\_||   \___//  |_|\/|_|| 
       /_//     `-`   `-`  `-` -`    `---`   `-`  `-`  
       `-`                                             
      
       
      Наверх