Новости Атырау - Мунайлы Астана

    11 декабрь 2017, 8:19
      Қоғам 14.12.2016, 15:46 0 пікір 499 просмотров

      ЕЛМЕН БІРГЕ ЕСЕЙГЕН ҰЖЫМ

      Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесі қарсаңында көптеген ұжымдар осынау уақыт аралығында өткен жолына зер салып, сараптап, алдағы күні барар бағытын да айқындап отырғаны ақиқат. Сондай ұжымдардың бірі - Атырау жол бөлімшесі. Қазақстан Темір жолы саласындағы өзіндік орны бар кәсіпорынның басшысы Бөріхан Сматоллаұлы Беркімбаевпен сәті түскен сұхбатты бүгін оқырмандар назарына ұсынып, алынған белестер, өткен жол мен алдағы жоспарды таразыласақ деп отырмыз...  


      -          Бөріхан Сматоллаұлы, ең алдыменен өңірімздегі темір жол саласының жалпы жағдайынан хабардар етсеңіз. Атырау облысы аумағынан өтіп жатқан темір жолдың ұзындығы қанша шақырымды құрайды, соңғы әзірде жаңадан қосылған желілер бар ма? Осы бағытта әңгіме өрбітсеңіз...

      - Атырау жол бөлімшесі құрамындағы темір жолдың ұзыңдығы 706,8 шақырымды құрайды. Жаңадан темір жол жүйелері қосылған жоқ.

      - Мұнайлы өлке болғандықтан, ең алдыменен тасымалданатын жүктің де басым бөлігін көмірсутегі шикізатының өнімдері құрайтыны белгілі. Осы жүктің көлемі мен барар бағыты туралы айтып берсеңіз.

      - Әрине, біздегі жүктің негізгі тінін мұнай- газ саласы кәсіпорындарының өнімі құрайтыны рас. Бірақ, бізге байланысты емес жағдайларға орай, соңғы әзірде мұнай тасымалдау көлемі төмендеді. Айталық, баршаға белгілі себеппен, Қашаған кен орынының мұнай өнімін тоқтатуынан ірі жүк жөнелтуші «Теңізшевройл» ЖШС-і қалыпты мұнай өнімінің (тәулігіне 76000 тонна) көп мөлшерін (тәулігіне 63000 тоннаға дейін) құбырмен тасымалдады. Соның салдарынан, мұнай өнімін темір жол көлігімен тасымалдау мөлшері күрт төмен түсті. Атырау бөлімшесі бойынша осы жыл ішінде мұнай өңдеу кәсіпорыны «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 29933ваг/966177тн. пропан, бутан газ өнімдерін тиеді. Оның ішінде: Одесса темір жолы арқылы Украина бағытына 11862 ваг/398685тн., Львовская темір жолы арқылы Словакия, Венгрия, Польша елдері бағытына10202ваг/316491тн., Белорусская темір жолы бағытына 4361ваг/139029тн., Қытай бағытына 565ваг/17319тн., Қазақстан ішінде 2279ваг/73779тн., Октябрьская темір жолы арқылы Финляндия бағытына 159ваг/4929тн. газ өнімдері және Сев.Кавказская темір жолы арқылы Вышестеблевская стансасына 437ваг/25959 тн мұнай тасымалданды. Осы жыл ішінде Атырау жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша 17 млн. 062 мың тонна жүк тасымалданды.

      - Егемен ел атанғалы жаңадан ашылған разъездер бар ма? Болса, олардың ашылу себебі неде?

      - Егемендік алған жылдар ішінде темір жол бойында 2007 жылы Атырау жол бөлімшесінің өткізу мүмкіндігін арттыру мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Атырау – Ақсарай телімінде Кызылжар және №6-шы бекеттері, Макат- Құлсары телімінде Шокпартоғай және Бәйтерек бекеттері ашылды.

      Бүгінгі таңда мұнай өнімдерін қала ішіне кіргізбей, сыртпен, Теңдік стансасы арқылы мұнай зауытына тасымалдау көзделіп отыр. Соған байланысты, Теңдік стансасында «РТИ Атырау мұнай өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күшімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша 2 жол салынды. Станса ғимаратында қайта құру жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар, «Атырау мұнай өңдеу» зауытында мұнайды тереңнен қайта өңдеу кешені құрылысы, көлік инфраструктура нысаны жүргізілуде. Аталған құрылыс монтаж жұмыстары жылдың аяғына қарай аяқталады деп күтіліп отыр.

      -          Әрбір ұжымның жетістігі - жұмысшы- қызметкерлердің жауапкершілікпен жұмыс жасауына байланысты екені белгілі. Ал, олардың лайықты жұмыс жасауына алдыменен әлеуметтік жағынан қолдау табуы маңызды рөлге ие. Бұл бағытта не айтар едіңіз?

      -          Қызметкерлерімізді әлеуметтік қолдау мақсатында, Мақат стансасында 115 пәтер пайдалануға бердік. Жақын күндері тағы да 15 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Биылғы жылы Атырау жол бөлімшесі теміржолшыларының балаларына Ақтау қаласындағы «Фламинго» лагеріне 250 жолдама бөлінді. Сонымен қатар, 209 теміржолшыларымыз өздеріне берілген жолдамалар бойынша Алматы, Көкшетау, Шымкент, Павлодар, Кавказ қалаларындағы сауықтыру орындарында болып қайтты.

      -          Бір кездері әрбір темір жол вокзалы мен әуежайы әр қаланың бет пердесі секілді деген ұстаным болғаны бар. Осы тұрғыдан шығар болсақ, темір жол инфрақұрылымын жақсарту, жолаушылар тасымалымен айналысатын пойыздардың техникалық жағдайын жақсартып, құрамын жаңалау туралы не айтар едіңіз?

      - Халық сұранысына байланысты Атырау- Алматы, Атырау- Астана бағыттарына «Тальго» жолаушылар пойыздарын жіберуді сәтті жүзеге асырдық. Компания басшылығының қолдауы арқасында қаламыздың темір жол вокзалы мен бөлімшеміздің бас ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді.

      Локомотив паркі «Эволюшн» отандық тепловоздарымен қамтамасыз етілді.

      Батыс Қазақстан аймағында 2011-ші жылға дейін мұнай өнімдерін тасымалдау көлемінің артуымен байланысты Мақат станциясында реконструкция жасалып, парктің қабылдау- жөнелтуін жеңілдетіп, өткізу мүмкіндігі арттырылды. Ақжайық станциясында жүргізілген жаңғырту жұмыстары нәтижесінде қолданыстағы және жаңадан салынған бағыттамалық бұрмалар мен маневрлік сигналдар электрлендірілген орталыққа қосылды, жаңа ғимарат салынды. Электрлендірілген орталық жүйесінің жаңғыртылуы пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Пойыздарды өткізу қабілетін арттыру мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін №441, Доссор, Карабатан бекеттерінде қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп, қосымша жолдар салынды. Егемендік алған 25 жылдың ішінде Ескене, Мұқыр, Жантерек, Макат, Нарын, Аққыстау стансаларында вокзал ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілді.

      -Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей тапсырмаларының бірі- отандық және шет елдік кәсіпорындардың елдегі әлеуметтік жауапкершілігіне қатысты болатын. Әлеуметтік жауапкершілік тұрғысында атқарылған жұмыстарды бір шолып өтсеңіз.

      - Осыған дейін Дина Нұрпейісова станциясындағы тұрғындардың осы станцияға жолаушылар пойызының тұрмайтындығы және соған қатысты билет кассасының болмауы олардың еркін жүріп тұруына, тіршілік- тұрмыс жағдайларына теріс әсер ететінін айтып шағымданған болатын. Шекаралық талаптарға сәйкес, аталған станцияда билет кассасын ашып, жолаушылар пойызын тоқтату қанша қиын болса да, осы өткен жаз айында халық үшін бұл мәселені де шешіп бердік. Қазіргі уақытта Дина Нұрпейісова станциясында билет кассасы ашылып, жұмыс жасап келеді. Жолушы пойызы кестеге сай аялдама жасайды.

      Осы ретте кейбір көрсеткіштерге тоқтала кетсек, өткен жылы бөлімше бойынша мүгедек жандарға 715 520 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Төрт және одан да көп баласы бар көп балалы ата- аналарға қолдау көрсету мақсатында, оларға 511 356 теңге төленді. Сондай- ақ, некеге тұру, балалы болу бойынша 17 қызметкерге 582 мың теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Ағымдағы жылдың 8 айында бұл сома 13 адамға 3 038 880 теңгені құрады. Бұл ретте айта кету керек, ұжымдық шартта осы төлем бойынша жасалатын төлем көлемін жоғарылатуға қол жеткізілді. Биыл теміржолшылардың кәсіби мерекесіне орай 1289 қызметкерге 25 676 880 теңге сыйлықақы жасалды.

      -          Көптеген жағдайда кәсіпорыннан зейнеткерлікке кеткен соң, бұрыңғы қызметкерлер ұмыт қалып жатады. Зейнеткерлеріңіз бен ұжымның ардагерлеріне қандай көмектер көрсетілуде?

      -          Біздің бөлімшеде зейнеткерлеріміз үнемі назарымызда болады. Мәселен, бұған дейін зейнеткерлікке шыққан 488 адамға 2 070 096 теңге сыйақы төленді. Ал, қызметкерлердің зейнетке шығуына орай өткен жылы 17 665 888 теңге төленсе, биыл 8 айда ол 5 140 760 теңгені құрады. Жыл сайын соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне тиісті құрметімізді де көрсетіп келеміз. Атап айтқанда, қазан айында кәсіподақ ұйымымен бірігіп, отбасы төмен және жалғызілікті зейнеткерлерге азық- түлек себетін таратамыз.  Былтыр осы бағытта 40 зейнеткерге көмек көрсетілді. Биыл да бұл дәстүріміз жалғасын табады. Зейнеткерлерімізбен жүргізілетін жұмысымыздың сапалы болуы үшін бөлімшемізде Ардагерлер кеңесін құруға ықпал жасап, арнайы кеңсе бөлдік, тиісті жағдайлар жасадық. Оларға ай сайын материалдық төлем жасап отыруға қол жеткіздік.

      -          Елдегі тосын болып жатқан оқиғаларда да Атырау темір жол бөлімшесі ең алғашқылардың бірі болып көмек қолын созады. Айталық, табиғи тосын жағдайларда көрсетіліп жатқан көмектерге тоқталып өткеніңіздің әбестігі болмас деп ойлаймыз...

      -          Әрине, іргелі де мақтаулы отандық кәсіпорын болғасын, елдегі болып жатқан барлық жағдайларда да біздің ұжым мүшелері жауапкершілікті анық түсінеді. Қолдан келгенше көмек көрсетуге тырысатынымыз ақиқат. Былтыр Атырау қаласында табиғи апат салдарынан жаңбырдан материалдық шығын көрген 8 адамға жалпы сомасы 760 мың теңге қаржылай көмек көрсеттік. Биылғы жылы да толассыз жауған жаңбыр салдарынан жапа шеккен 2 адамға 260 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді. Бұдан бөлек, қызметкерлеріміз бен зейнеткерлерімізді сауықтыру мақсатында оларға үнемі санаторлық- курорттық сауықтыру қызметтерін көрсететін санаторийларға жеңілдікпен жолдамалар ұсынып келеміз. Өткен жылы осы бағытта 107 қызметкерге, 15 зейнеткерге жолдама бердік. Осы жылдың 8 айында 37 қызметкер, 16 зейнеткер жолдама алды. Қызметкерлердің балалары да назарымыздан тыс қалған емес, өткен жылы 300 бала лагерде демалса, биыл ол 400 бала болды.

      -Тәуелсіздік қарсаңындағы сұхбат болған соң, оқырмандарымызға жүрекжарды лебізіңізді білдірсеңіз!

      -Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында басылым оқырмандарына, темір жол саласындағы барша әріптестерге, ұжымдастарға берекелі де бақуатты өмір тілеймін! Экономикалық өсу мен қарыштау тоқтау көрмесін! Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатымен Егемен Қазақстан гүлдене берсін, өркендей түссін!

      -Әңгімеңізге рахмет! Еңбегіңізге сәттілік пен толағай табыс тілейміз!


      Сұхбаттасқан: Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____      ___      _  _     _____    __   __  
       /  ___||   / _ \\   | \| ||  |  ___||  \ \\/ // 
      | // __    / //\ \\  |  ' ||  | ||__     \   //  
      | \\_\ || |  ___  || | .  ||  | ||__     / . \\  
       \____//  |_||  |_|| |_|\_||  |_____||  /_//\_\\ 
        `---`   `-`   `-`  `-` -`   `-----`   `-`  --` 
                                                       
      
       
      Наверх