Новости Атырау - Мунайлы Астана

    14 декабрь 2017, 6:33
      Қоғам 14.12.2016, 15:59 0 пікір 407 просмотров

      Тұрғындар кеңес алды

      «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының күн өткен сайын жаңа қызмет түрлерімен толығып, жұмыс көлемі де ұлғайып келе жатқандығы халыққа белгілі. Осы жаңа қызмет түрлерінің қыр-сырын халыққа түсіндіру мақсатында түрлі шаралар өткізуді жоспарлаған корпорацияның Атырау филиалы тұрғындарға  кеңес берді.


      Атырау облыстық Әділет департаментінің ұйымдастыруымен өткен «Әділет кеңес береді» атты ашық есік күні аясында өткізілген шараға Қазақстан Заңгерлер Одағының мүшелері, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, нотариустар, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті, Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу, АХАТ, құқықтық түсіндіру бөлімдерінің басшылары қатысты. ХҚКО департаменті Атырау қалалық №1 бөлімінің басшысы Марат Забыханның айтуынша, мұндай басқосулар ай сайын ұйымдастырылып, құқықтық кеңестер мен насихат жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Осы шараға арнайы келген қала тұрғыны Берік Төлегенов жылжымайтын мүлкін тіркеу үшін өзіне қажетті мәліметті алып, құжатын реттеп, халыққа қажетті мұндай шараның маңыздылығын айтып, алғысын білдірді. Осылайша бір күнде 72 адамға кеңес беріліп, құжат рәсімдеу бағытында көмек көрсетілді


      Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                   ___     _    _      ___    __    __  
          ___     / _ \\  | |  | ||   / _ \\  \ \\ / // 
         /   ||  / //\ \\ | |/\| ||  / //\ \\  \ \/ //  
        | [] || |  ___  |||  /\  || |  ___  ||  \  //   
         \__ || |_||  |_|||_// \_|| |_||  |_||   \//    
          -|_|| `-`   `-` `-`   `-` `-`   `-`     `     
           `-`                                          
      
       
      Наверх