Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 1:56
      Қоғам 15.12.2016, 11:45 0 пікір 432 просмотров

      Ел Тәуелсіздігін тойлау аясында бюджет қызметкерлеріне сыйақыға бір жарым миллиард теңге бөлінеді

      Жуырда өткен облыстық мәслихаттың кезекті 8-ші сессиясында ағымдық жылдың, сондай- ақ, 2017-2019 жылдардың бюджетіндегі өзгерістер туралы талқыланды.


      Ол туралы алдымен баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғайша ӘБЕЖАННЫҢ айтуынша, ҚР Президенті әкімшілігінің нұсқауына сәйкес, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау аясында жергілікті атқарушы органдардың шығыстарына және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің айлық жалақысынан кем түспейтін мөлшердегі сыйақыны төлеуге облыс бюджетінен 1,43 млрд теңге бөлу жоспарланған.

      Одан басқа, 2011 жылдан бері өңірлерге арналған республикалық трансферт үш жылға бірден бекітіледі. 2017-2019 жылдарға Атырау облысы үшін 13,9 млрд теңге көлемінде республикалық трансферт бөлу жоспарланып отырса, соның ішінде білім беру саласына - 2,5 млрд теңге бөлінбекші. Ол 2,5 млрд теңгеге Индербор поселкесінің Восток ықшамауданынан балабақша мен Индер ауданының Жарсуат ауылынан музыка мектебін салу; Құрманғазы ауданының Приморье, Жалғызапан, Қызылоба ауылдарынан мектептер; Қызылқоға ауданының Сағыз, Тасшағыл, Қарабау ауылдарынан балабақша және Сағыз ауылынан мектеп салу; Атырау қаласындағы музыка колледжінің жатақханасын салу жоспарланған көрінеді. Сонымен қатар, Құлсары қаласындағы екі мектепті салуға жобалау-сметалық құжаттаманы ресімдеуге де қаржы бөлу жоспарланған.

      Облыс бюджетінде одан бөлек, Индер ауданының Индербор ауылындағы кәріздік жүйелер мен кәріздік сорғы станциясын және Қызылқоға ауданының Тасшағыл ауылынан Мәдениет үйін салуды жалғастыруға қаржы бөлу жоспарланып отыр.

      Тағы белгілі болғанындай, облыс жолдарының: Құрманғазы ауданында – «Кудряшово – Жаңа ауыл – Арна» жолын, Ягодное, Конеу, Тухлое өзендері арқылы көпірлер, Мақат ауданында – Доссор поселкесіндегі жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдары; Махамбет ауданында – Жайық өзені арқылы салынып жатқан көпір жолы құрылысын жалғастыруға 3,5 млрд теңге бөлінетін болады.

      Сумен қамту нысандарын салуды және құрылысын жалғастыруды 1,31 млрд теңгеге қаржыландыру: Индер ауданында - Өрлік, Жарсуат, Елтай, Көктоғай; Исатай ауданында – Жасқайрат, Қызылүй ауылдары; Құрманғазы ауданында – Жыланды, Дәшін, Ганюшкин ауылдарында және Азғыр аймағында; Жылыой ауданында – Қосшағыл ауылында жоспарланған.

      Сессияда сонымен қатар, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Баязи ӘБДЕШЕВ республикалық ономастикалық комиссияға облыстағы кейбір білім беру нысандарының атын қайта қою және ат беру туралы ұсыныс берді. Олар: Ленин атындағы №1 мектепке Мағжан Жұмабаевтың, Атырау қаласындағы А. Құнанбаев атындағы мектепке – Мақаш Бекмұхамбетов, Атырау қаласындағы Крупская атындағы №18 мектепке – Хиуаз Доспанова, Жылыой технологиялық мұнай және газ колледжіне – Сафи Өтебаевтың, Құлсары қаласындағы №2 балалар музыка мектебіне – Зәбен Жарылғасовтың, Доссор поселкесіндегі балалар өнер мектебіне - Рыспай Ғабдиевтың, Атырау қаласындағы №2 мектепке – Жұмекен Нәжімеденовтің, Атырау қаласындағы №33 мектепке – Қасым Қайсеновтің, Атырау қ. №23 мектепке – Ахмет Байтұрсыновтың, Атырау қ. №35 мектеп-гимназияға –Хамит Ерғалиевтың, Атырау қ. №22 мектепке – Әлия Молдағұлова, Атырау қ. №6 мектепке – Мұрат Мөңкеұлының, Жылыой ауданындағы №19 мектепке - Қабиболла Сыдиықұлының, Жылыой ауданындағы №1 мектепке – Жанша Таңқыбаевтың, Жылыой ауданындағы №21 мектепке – Сали Шәкірованың, Жылыой ауданындағы №2 мектепке – Қуаныш Ғилымовтың, Жылыой ауданындағы №8 мектепке –Саламат Мұқашевтың, Қызылқоға ауданындағы №1 мектеп-гимназияға – Ығылман Шөрековтің, Махамбет ауданы Таңдай ауылындағы мектепке – Қаршыға Ахмедияровтың есімін беру.

      Жоғарыдағы қабылданған шешімді бекіту үшін депутаттар бірауыздан дауыс берді.


       

      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ____     _    _                ___     _____    
       |  _ \\  | || | ||     ___     / _ \\  |  __ \\  
       | |_| || | || | ||    /   ||  / //\ \\ | |  \ || 
       | .  //  | \\_/ ||   | [] || |  ___  ||| |__/ || 
       |_|\_\\   \____//     \__ || |_||  |_|||_____//  
       `-` --`    `---`       -|_|| `-`   `-`  -----`   
                               `-`                      
      
       
      Наверх