Новости Атырау - Мунайлы Астана

    21 октябрь 2017, 1:51
      Аймақ 15.12.2016, 13:55 0 пікір 414 просмотров

      Бүлдіршінге 180 мың теңге табыстады

       Атырауда Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай түрлі қайырымдылық шаралары өткізіліп жатыр. Сондай шараның бірін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Атырау филиалы ұйымдастырды.


      Үш департаменттен құралған корпорация қызметкерлері 1 жастан асқан кезде денсаулығына нұқсан келген Атырау қаласының тұрғыны Інжу Талғатқызының жағдайын білуге оны іздеп, үйіне  барды. Бүлдіршіннің жағдайын біліп, қолдау білдіруге келген қызметкерлерге Інжудің әкесі Талғат Басаров:
      -Қазір қызымыз екі жасқа толды. Басында дәрігерлер қызымның өміріне тіпті күмәнмен қараған еді. Бірақ біз үмітімізді үзбей, ем-домдарын Алматы қаласына да барып жалғастырдық. Айына 700 мыңдай қаражат жұмсап отырмыз. Қызымыз үшін ештеңе аямаймыз. Мұның барлығы халықтың қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Сіздерге үлкен алғыс айтам, - деп алғысын білдірді. Өз кезегінде «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Тұрлан Нұржанов пен «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің басшысы Гүлмира Искалиева Інжуге зор денсаулық тілеп, алдағы уақытта көмек қажет болса, қолдау білдіруге дайын екендіктерін айтып, департамент қызметкерлері ұйымдасып жинап берген 180 мың теңге ақшалай көмектерін ұсынды.



      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _      ___      _____    _    _      _____  
      | || | ||   / _ \\   /  ___|| | || | ||   / ___// 
      | || | ||  / //\ \\ | // __   | || | ||   \___ \\ 
      | \\_/ || |  ___  ||| \\_\ || | \\_/ ||   /    // 
       \____//  |_||  |_|| \____//   \____//   /____//  
        `---`   `-`   `-`   `---`     `---`   `-----`   
                                                        
      
       
      Наверх