Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 2:41
      Аймақ 20.12.2016, 14:23 0 пікір 452 просмотров

      Нұрлан Ноғаев кәсіпкерлерді халық алдында адал болуға шақырды

      Нұрлан Ноғаев кәсіпкерлерді адалдыққа шақырды. Бұл туралы Атырау өңірінің басшысы бүгін, 20 желтоқсанда өткен жұмыс отырысы барысында айтты. Кеңес барысында облыстың экологиялық жағдайы, соның ішінде қараусыз қалған мұнай ұңғымалары мәселесі сөз болды.  


      Аймақта жер қойнауын пайдаланып отырған кәсіпкер өз ісіне адал болуы керек. Ең бастысы халыққа пайдасын тигізу бағытында жұмыс істеуі қажет, - деді аймақ басшысы. 

      Айта кетелік, бұған дейін  Атырау облысындағы Күмісбек кен орнындағы екі ұңғымадан мұнай төгіліп, табиғатқа зиян келіп жатқаны айтылған еді. Кен орнын қытайлық үлесі бар Көлжан ойл компаниясы пайдаланып келген. Алайда жыл басында фирмамен келісімшарт мерзімі аяқталып, компания ұңғымаларын қараусыз тастап кеткен.

      Күмісбектегіқараусыз қалған ұңғымаларды өз ақшамызға бітеуге мәжбүр болдық. Ал бұған жауапты тұлғалар байланысқа шықпай отыр.  Бұл, түптеп келгенде, олардың халық алдындағы жауапкершілігінің жоқтығы. Себебі, бұл – халықтың жері, - деді Нұрлан Ноғаев.

      Аймақ басшысы  қарамағындағыларға ұңғыма айналасын тазартып, топырақ қабатын қалыпқа келтіру жұмыстарымен айналысуды тапсырды.

      Айта кетелік, 2002-2009 жылдар аралығында Атырау облысы әкімдігі өз күшімен қараусыз қалған 48 гидрогеологиялық ұңғыманы бітеген. Қазіргі қараусыз қалған қауіпті мұнай ұңғымаларын анықтап, соларды тығындау бағытында жұмыс жүріп жатыр.  

      Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.


      MA

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ____      _____    _____       ___     _____    
       |  _ \\   |  ___|| |  __ \\    / _ \\  |  __ \\  
       | |_| ||  | ||__   | |  \ ||  | / \ || | |  \ || 
       | .  //   | ||__   | |__/ ||  | \_/ || | |__/ || 
       |_|\_\\   |_____|| |_____//    \___//  |_____//  
       `-` --`   `-----`   -----`     `---`    -----`   
                                                        
      
       
      Наверх