Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 11:27
      Аймақ 21.12.2016, 15:54 0 пікір 1648 просмотров

      "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтары құрылмақ

       Өткен аптада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінде меритократия, тиімділік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілік принциптері негізінде қалыптасқан Ұлт Жоспарының бірінші бағытын жүзеге асыру бойынша брифинг өтті.


      Брифингке эксперт ретінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Атырау облыстық филиалының өкілі қатысты. Шараны ашқан департамент басшысының орынбасары Абзал ЖАНШАБАЙ кәсіби мамандарды қалыптастыруға, оның ішінде мансаптық көтерілу жүйесін енгізуге, жоғары білікті мамандарды мемлекеттік қызметте қалдыруға  жағдай туғызатын жаңашылдықтар жөнінде түсінік берді. Сондай-ақ, Ұлт Жоспарының бірінші бағытын жүзеге асыру бойынша жасалған жұмыстар туралы сөз қозғады.

      -Рухани, адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқитын балаларға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыруды қамтитын тәрбие жұмысы бағдарламасы бекітілді.Бұл бағдарламаның мақсаты мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты және патриотты қалыптастыру үшін жағдай жасау. Қазіргі таңда аталған мақсатты іске асыру үшін  рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру, оқушылардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, оқушылардың саяси-құқықтық білімін қалыптастыру,оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру сияқты бірнеше міндеттер қойылып отыр.Енді кешенді іс-шаралар өткізу үшін адамгершілік тәрбиелеу,  әлеуметтік-құқықтық тәрбиелеу, эстетикалық тәрбиелеубағытында жұмыстар жүргізіледі, - деп атап өтті А.Жаншабай. Оның айтуынша, алдағы уақытта жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылмақ.Ол клубтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат, және шығармашылық, мәдени-көпшілік іс-шаралар сияқты секциялардан тұратын болады. Атырау облысы Білім беру басқармасымен бірігіп, жүргізген жұмыстар арқасында бүгінде 176 мектепте «Адал ұрпақ» ерікті клубтары кұрылып үлгерген екен. Оған  2831 мектеп оқушысы мүше болған. Сонымен қатар, қазіргі уақытта орта мектептерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін «Парасатты азамат» бұрыштары орналастырылуда.

      Брифинг барысында эксперт ретінде келген «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілі  де жыл басынан атқарылған шаралар мен проблемалық мәселелері жөнінде баяндап берді. Шара соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар берілді.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
      __    __     ___      _____      ___      _  _   
      \ \\ / //   / _ \\   /  ___||   / _ \\   | \| || 
       \ \/ //   / //\ \\ | // __    / //\ \\  |  ' || 
        \  //   |  ___  ||| \\_\ || |  ___  || | .  || 
         \//    |_||  |_|| \____//  |_||  |_|| |_|\_|| 
          `     `-`   `-`   `---`   `-`   `-`  `-` -`  
                                                       
      
       
      Наверх