Новости Атырау - Мунайлы Астана

    21 октябрь 2017, 1:51
      Қоғам 26.12.2016, 14:02 0 пікір 494 просмотров

      Көктемгі су тасқынына дайынбыз ба?


      Қазіргі уақытта Атырау облысындағы су тасқыны болу қаупі бар аймақтар бақылауға алынып, қауіпісіздік шаралары қолға алынуда.


      Құрманғазы ауданында аса қауіпті он үш шақырым болатын су тасқынына қарсы қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіруге ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 47 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінген болатын. Осы мақсатта облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник З. Бердашев,  ТЖ алдын алу бөлімшесінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.А.Жанғалиев және ТЖ жою бөлімшесі бастығының уақытша міндетін атқарушы азаматтық қорғау майоры С.С.Утеулиев бөгеттерді қалпына келтіру жұмыстарымен танысу үшін ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» РМК МИ-8 тікұшағымен Атырау қаласы – Котяевка ауылы – Атырау қаласы ұшу бағдары бойынша әуеден шолу жасады. Сонымен бірге Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары және аудандық ТЖ бөлімі бастығының қатысуымен жөнделіп жатқан учаскелерді көріп шықты. Сондай-ақ, ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» РМК МИ-8 тікұшағымен, жергілікті бюджет есебінен Атырау қаласы–Миялы селосы – Құлсары қаласы – Атырау қаласы ұшу бағдары бойынша да шолу жасалды. Мұнда  Қызылқоға ауданында орналасқан Ералы су торабының 2017 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы тексерілді. Бұған қоса Жылыой ауданы аумағындағы Каспий теңізі жағалауында және желкөтерме сулардың басу аймағында орналасқан мұнай кенорындарына да әуеден шолу жүргізілді.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       ______    __   __   _    _      ___     _    _   
      |      \\  \ \\/ // | |  | ||   / _ \\  | |  | || 
      |  --  //   \ ` //  | |/\| ||  | / \ || | |/\| || 
      |  --  \\    | ||   |  /\  ||  | \_/ || |  /\  || 
      |______//    |_||   |_// \_||   \___//  |_// \_|| 
      `------`     `-`'   `-`   `-`   `---`   `-`   `-` 
                                                        
      
       
      Наверх