Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 18:01
      Аймақ 26.12.2016, 14:30 0 пікір 477 просмотров

      Полицейлерге 240 пәтер тұрғызылуда

       
      Атырау облысы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция полковнигі Н.Оразбаев жыл бойына жасалған жұмыстардың қорытындысы туралы халық алдында есеп берді.


      Оның айтуынша, бүгінде облыс бойынша жергілікті полиция қызметінің жеке құрамының саны бір мыңнан асады. Олардың қызметі толықтай қалыптасқан.
      -Жергілікті полиция қызметінің жетілдіруіне және тұрақты тұруына жергілікті атқарушы органдар жан-жақты көмек көрсетуде. Олармен полицияның жаңа институтының сәтті қызмет атқаруына жағдайлар жасалды. Соның ішінде материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету мәселесі дұрыс жолға қойылды. Қазір Жергілікті полиция қызметі толықтай қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілді. Жергілікті полиция қызметіне бөлек ғимарат бөлініп, онда күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Бүгінгі таңда ЖПҚ толықтай қажетті бейнетіркеу құрылғыларымен қамтамасыз етілді. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың 4 шілдедегі облыстық мәслихат отырысында жергілікті полиция қызметкерлеріне арналған 240 пәтерден тұратын көп қабатты үй құрылысын салу мәселесі шешімін тапты. Әкімдіктердің қолдау көрсетуі нәтижесінде ауылдық учаскелік инспекторлардың қалыпты жұмыс істеуі қамтамасыз етіліп, қолданыстағы қызметтік ғимараттарға жөндеу жүргізуге қаражат бөлініп, оларға коммуникация және қосымша телефон желілері жүргізіліп отыр. Облыс орталығы Атырау қаласында және қала аумағындағы елді мекен көлемінің өсуіне байланысты қала әкімдігіне қосымша 20 учаскелік полиция бекеттерін және қызмет орындарын ашу үшін ұсыныс жасақталды, - деп атап өтті өз сөзінде Н.Оразбаев. Облыс көлемінде өткізілген түрлі алдын алу шаралары нәтижесінде Үстіміздегі жылдың 11 айында 126 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілген екен. 1600-ден астам адам  әкімшілік қамауға алынған. Ал, көшедегі қылмыс саны 20,7 пайызға төмендеген. Н.Оразбаев өз есебінде облыста орын алатын жол апаттарының барлығы да жүргізушілердің жол қозғалысы талаптарын қасақана бұзатындығынан орын алатындығын баса айтты. Көрсетілген кезеңде 1592 адам көлікті мас күйінде айдағаны үшін ұсталса, 18 мыңнан астамы қозғалыс жылдамдығын арттырған. Ал, 2000-нан астам жүргізуші куәлігінен айырылған. Бұдан басқа ЖПҚ бастығы маскүнемдікпен күрес және жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Айта кететін жайт – қазіргі уақытта әкімдіктермен бірлесіп азаматтарды қоғамдық тәртіпті қорғауға тарту шаралары қолға алынып жатыр екен. Яғни, қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуде полицияға белсенді түрде көмек көрсететін азаматтарды ынталандыру үшін әкімдіктен 3 млн. теңге астам қаражат бөлінген. Есеп беру жиынының соңында Н.Оразбаев тұрғындардың сауалына жауап берді.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _    __   __  __    __     ___      ____    
      | || | ||  \ \\/ // \ \\ / //   / _ \\   |  _ \\  
      | || | ||   \ ` //   \ \/ //   | / \ ||  | |_| || 
      | \\_/ ||    | ||     \  //    | \_/ ||  | .  //  
       \____//     |_||      \//      \___//   |_|\_\\  
        `---`      `-`'       `       `---`    `-` --`  
                                                        
      
       
      Наверх