Новости Атырау - Мунайлы Астана

    17 октябрь 2017, 17:15
      Қоғам 28.12.2016, 14:54 0 пікір 408 просмотров

      Кемемен серуендеу соңы төбелеске ұласты

       
      Атырау қаласының №2 соты мас болып, төбелескендердің ісін қарады.


      Оқиға қалай болған? Азамат Р.Т. жұбайы, достары және балаларымен бірге Жайық өзенінің бойымен серуендеуге алдын-ала жалға алып қойған «Бекет» кемесіне отырып, серуендеуге шығады. Олардың қатарына досы А.К. келіп қосылады. Содан кемеде жайылған дастархан басында спирттік ішімдік  ішіліп, соңы дау-жанжалға ұласады.  Р.Т.-ның досы Ж.Ж. өздігінен балағат сөздер айтып отырғандықтан оған А.К. ескерту жасап, соңында екеуі сөзге келіп қалады. Бәрі жағаға қайтып оралған уақытта А.К. жұдырығымен Ж.Ж.-ның бетінен ұрып, оны асфальт үстіне құлатады. А.К.-ның іс-әрекеті салдарынан жәбірленуші Ж.Ж.-ға жабық бас ми жарақаты күйіндегі орта дәрежелі дене жарақаты келтірілген. Сот талқылауы барысында сотталушы  А.К. және оның қорғаушысы кінәні мойындау туралы процестік келісімді жасауға ерікті түрде ниет білдірді. Оқиғаның анық-қанығын зерделеген Атырау қаласы №2 соты  А.К. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106 – бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындау туралы шешім шығарды.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______    ______    ____     __   __    ______  
       /_   _//  /_   _//  |  _ \\   \ \\/ //  /_   _// 
         | ||     -| ||-   | |_| ||   \ ` //   `-| |,-  
        _| ||     _| ||_   | .  //     | ||      | ||   
       /__//     /_____//  |_|\_\\     |_||      |_||   
       `--`      `-----`   `-` --`     `-`'      `-`'   
                                                        
      
       
      Наверх