Новости Атырау - Мунайлы Астана

    17 октябрь 2017, 11:44
      Экономика 28.12.2016, 18:12 0 пікір 862 просмотров

      «Қазинвестбанк» лицензиядан неге айырылды?

       
      Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Олег Смоляков «Қазинвестбанк» АҚ-ны банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айыруға байланысты түсініктеме берді.


      Оның айтуынша, «Қазинвестбанк» АҚ-ты лицензиядан айыру туралы шешім мынадай факторлардың болуына негізделген.
      -Бірінші кезекте, бұл кредиттеу кезінде тәуекелдерді бағалау мен басқару бойынша әлсіз ішкі саясат пен рәсімдер. Мұндай қызмет сапалы кепілдермен қамтамасыз етілмеген несие портфелі кредиттік тәуекелдерінің қарқынды өсуіне әкелді. Атап айтқанда, кепілдер негізінен нақты активтермен емес, болашақта түсетін ақшамен және мүлікпен ұсынылған. Бұл банктің портфеліндегі осындай қарыздардың үлесі  80 пайыздан астам құрайды. Сонымен бірге 50 пайыз қарыз бойынша қарыз алушыларға жеңілдікті талаптар беру фактілері қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең ұсыну, сол сияқты өтеу мерзімдерін жаппай ұзарту түрінде байқалады. Кредиттік тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі рәсімдердегі кемшіліктер орнықсыз қаржылық жағдайы, мысалы, теріс меншікті капиталы, жинақталған шығындардың жоғары мөлшері бар қарыз алушыларды, берілетін кредиттердің сомаларына сәйкес келмейтін бизнесті жүргізу кірістері мен ауқымдары бар қарыз алушыларды кредиттеуге мүмкіндік берді. Банктің несие портфелінің жартысынан астамын құраған қарыздарды іріктеп талдау нәтижелеріне негізделген ең төмен бағалау бойынша, провизияларды (резервтерді) қосымша қалыптастыру бойынша әлеуетті шығындар 30 млрд. теңгеден астам құрайды, оларды біржолғы тану 20,6 млрд. теңге мөлшеріндегі теріс капиталдың туындауына әкеледі. Екіншіден, Банкті лицензиядан айыру туралы шешім қабылданған сәтте корреспонденттік шоттардағы және кассадағы ақша қалдығы 1,9 млрд.теңге болды. Ал сол сәтте кейінге қалдырылған төлемдер сомасы шамамен  20 млрд.теңге болды. Нәтижесінде банк 2016 жылғы 14 желтоқсаннан бастап төлемдердің орындалмау фактілеріне жол берді. Барлығы 230 млн. теңгеден астам сомаға 50-ден астам төлем құжаты орындалмады. Бұдан басқа, Ұлттық Банк Банктің қызметін қадағалау шеңберінде ұзақ уақыт бойы Банк менеджментімен және оның акционерлерімен ашық сұхбат жүргізіп, Банк капиталының қабылданған тәуекелдерге барабар болмауы және өтімділіктің төмен көрсеткіштері жағдайларында Банкке қаржылық қолдауды қамтамасыз етудегі шұғыл қажеттілікті белгіледі. Соған қарамастан, Банкті барабар қайта капиталдандыру уақтылы жүзеге асырылған жоқ, ал Ұлттық Банктің кредиттеудің ішкі саясатын және рәсімдерін өзгерту бойынша талаптары уақтылы орындалған жоқ. Ұлттық Банк Басқармасы несие портфелінің жоғары кредиттік тәуекелдері және Банктің менеджментімен және акционерлерімен сұхбат жүргізудің сындарлы нәтижелерінің болмауы фактілерін назарға ала отырып, банкті лицензиясынан айыру және Банкке уақытша әкімшілікті енгізу туралы шешім қабылдады. Банк ауқымының шамалы екендігін атап өткен маңызды. Банктің банк жүйесінің активтері мен міндеттемелері бойынша үлесі небәрі шамамен  0,7 пайызды құрайды, - деді ол.
      Еске сала кетейік, уақытша әкімшіліктің жұмысына қатысты барлық мәселелер бойынша 7(727) 270 48 93 телефоны бойынша, сондай-ақ +7(727) 330 00 77 «жедел желі» телефондары бойынша және ҚР Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына +7 (727) 278 80 84 телефоны бойынша өтініш жасау қажет. Бұдан басқа, салымшылар «Депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-тың мамандарының консультацияларын 8 8000 80 10 20 «жедел желі» телефоны (қоңырау шалу тегін) бойынша немесе +7 (7272) 915-689 телефоны бойынша алуға болады.



      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____    __   __   ______     ______   __   __  
       |__  //   \ \\/ // |      \\  /_   _//  \ \\/ // 
         / //     \ ` //  |  --  //   -| ||-    \   //  
        / //__     | ||   |  --  \\   _| ||_    / . \\  
       /_____||    |_||   |______//  /_____//  /_//\_\\ 
       `-----`     `-`'   `------`   `-----`   `-`  --` 
                                                        
      
       
      Наверх