Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 2:44
      Аймақ 29.12.2016, 10:28 0 пікір 431 просмотров

      Атырауда 9 полицейге сот үкімі шықты

      -Атырау қаласының №2 соты 9 бұрынғы полицейлерге қатысты қаралған қылмыстық іс бойынша үкім оқыды,- деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.


      Яғни,сот үкімімен Ернар Издибаев- ҚР ҚК-нің 416-бабының 4-бөлігінде, 412-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерді жасауда кінәлі деп танылып, оған түпкілікті жаза ретінде 3 жыл бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және полиция лейтенанты арнайы атағынан айырумен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Азамат Достанов- ҚР ҚК-нің 362-бабының 2-бөлігінде, 369-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерді жасауда кінәлі деп танылып, оған түпкілікті жаза ретінде мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырумен, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін мемлекеттің меншігіне тәркілеумен және полиция майоры арнайы атағынан айырумен 3  жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Нұржан Оразғалиев - ҚР ҚК-нің 416-бабының 4-бөлігінде, 412-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерді жасауда кінәлі деп танылып, оған түпкілікті жаза ретінде 3 жыл бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және полиция лейтенанты арнайы атағынан айырумен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Ильяс Стамғалиев - ҚР ҚК-нің 362-бабының 2-бөлігінде, 369-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерді жасауда кінәлі деп танылып, түпкілікті жаза ретінде мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырумен, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін мемлекеттің меншігіне тәркілеумен және полиция лейтенанты арнайы атағынан айырумен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Сотталғандар үшін жазаның өтейтін жері «жалпы» режимдегі түзеу колониясы деп белгіленді.

      Одан бөлек,кінәні мойындау туралы процестік келісіммен бірге келіп түскен қылмыстық іс бойынша шығарылған 2016 жылғы 26 желтоқсандағы сот үкімімен,Манарбек  Утеуов - ҚР ҚК-нің 362-бабының 4-бөлігінің 1, 3-тармақтарында, 149-бабының 3-бөлігінде, 369-бабының 2-бөлігінде, 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерді жасауда кінәлі деп танылып, оған 22 жыл мерзімдік бас бостандығынан айыру түріндегі тағайындалған неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша түпкілікті өтейтін жаза ретінде мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін мемлекеттің меншігіне тәркілеумен және полиция лейтенанты арнайы атағынан айырумен 22  жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.М.Утеуовке жазаның өтейтін жері «қатаң» режимдегі түзеу колониясы деп белгіленді.Али Қабдешев- ҚР ҚК-нің 308-бабының 4-бөлігінің «а,в»-тармақтарында (1997 жылғы 16 шiлдедегі редакцияда), 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағында, 149-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерді жасауда кінәлі деп танылып, оған түпкілікті жаза ретінде мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырумен, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін мемлекеттің меншігіне тәркілеумен және полиция лейтенанты арнайы атағынан айырумен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Азидулла Баянов - ҚР ҚК-нің 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында, 369-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерді жасауда кінәлі деп танылып, оған түпкілікті жаза ретінде мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырумен, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін мемлекеттің меншігіне тәркілеумен және полиция кіші сержанты арнайы атағынан айырумен 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. А.Қабдешов пен А.Баяновтың жаза өтеу орны «жалпы» режимдегі түзеу колониясы болып белгіленді. Александр Ким - ҚР ҚК-нің 416-бабының 4-бөлігінде, 412-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерді жасауда кінәлі деп танылып, түпкілікті жаза ретінде 2  жыл бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және полиция капитаны арнайы атағынан айырумен 2  жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Аслан Хайруллин - ҚР ҚК-нің 416-бабының 4-бөлігінде, 412-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерді жасауда кінәлі деп танылып, оған түпкілікті жаза ретінде 2 жыл бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және полиция лейтенанты арнайы атағынан айырумен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.ҚР ҚК-нің 44-бабының 1-бөлігіне сәйкес А.Ким мен А.Хайруллин жаза өтеу барысында тұрақты жұмыссыз болған жағдайда жылына 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                 _    _     _____      ___      _  _   
        ____    | || | ||  / ____||   / _ \\   | \| || 
       |    \\  | || | || / //---`'  | / \ ||  |  ' || 
       | [] ||  | \\_/ || \ \\___    | \_/ ||  | .  || 
       |  __//   \____//   \_____||   \___//   |_|\_|| 
       |_|`-`     `---`     `----`    `---`    `-` -`  
       `-`                                             
      
       
      Наверх