Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 2:39
      Қоғам 29.12.2016, 13:58 0 пікір 452 просмотров

      Жаңа жылда – жаңа пәтер

      Сәрсенбіде Атырау қаласының Нұрсая мөлтекауданынан салынған тағы бір бес қабатты, 45 пәтерлік  үй тұрғындарға пайдалануға берілді. Жаңа қонысқа баспана кезегінде тұрғандар және төлем қабілеттілігі анықталған банк салымшылары мен бюджеттік мекеме қызметкерлері ие болды.


      Жаңа пәтер кілтіне ие болған тұрғындарды қуаныштарымен әрі Жаңа жыл мерекесімен құттықтаған Атырау қаласы әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ:

      -Өздеріңізге мәлім, осының алдында ғана, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай қаламызда осындай 425 пәтер жаңа қоныстанушыларын тапқан еді. Енді міне, бүгін де сіздер сондай бір ерекше қуанышты да ұмытылмас сәттің куәсі болып тұрсыздар. Мұның бәрі ең алдымен Елбасының сындарлы да сарабдал саясатының, қарапайым халыққа деген қамқорлығы мен қолдауының арқасы. Соның нәтижесінде осындай игілікке кенеліп, қазақстандықтардың, соның ішінде атыраулықтардың баспанаға қолжетімділігін қамтамасыз ету мүмкіндігін иеленіп отырмыз. Осы мақсатта қабылданған «Қолжетімді баспана-2020», «Өңірлерді дамыту» және «Халықтың барлық санаттары үшін»  мемлекеттік бағдарламалары аясында межеленген міндеттердің мерзімінде жүзеге асырылып, аймақта тұрғын үй мәселесінің шешілуіне атсалысып отырған  «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік  қоғамы  Атырау филиалының ұжымына, құрылысты жүргізген мердігер мекемелердің өкілдеріне, сондай-ақ, осыған қолдау көрсеткен облыс басшылығына сіздердің аттарыңыздан ризашылығымды білдіремін,- деп атап өтті.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______    _____              __   __    _____   
       /_   _//  |  ___||     ___    \ \\/ //  |__  //  
         | ||    | ||__      /   ||   \ ` //     / //   
        _| ||    | ||__     | [] ||    | ||     / //__  
       /__//     |_____||    \__ ||    |_||    /_____|| 
       `--`      `-----`      -|_||    `-`'    `-----`  
                               `-`                      
      
       
      Наверх