Новости Атырау - Мунайлы Астана

    19 октябрь 2017, 11:38
      Аймақ 04.01.2017, 15:47 0 пікір 467 просмотров

      «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығы балаларды құттықтады

      «Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, Жаңа жыл қарсаңында компанияның бір топ қызметкерлері Жұмағалиевтер отбасы мен «Атырау. Шағын ел» қоғамдық бірлестігінде болып, балаларды мерекемен құттықтады. Оларға жаңажылдық сыйлықтар табыс етті.


      - Компания соңғы жылдарда тұрақты түрде әлеуметтік көмектерге зәру жандарды демеушілік қамқорлыққа алған. Ең алдымен мүмкіншіліктері шектеулі балаларға, ота жасауды қажет ететін балаларға қайырымдылық көрсетудеміз. Жұмағалиевтер отбасын біз осымен екі рет демеушілікке алып, кіші қызына жасалған отаның қаражатына және нөсер жауыннан жарамсыз болған баспаналарын жөндеуге көмектер көрсетілді.

      Мұнайшылар өсіп келе жатқан жас буынға үнемі қолдау көрсетуде. 2017 жылдың басынан бастап «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорына орталықтандырылған демеушілік және қайырымдылық шараларын көрсетіп келеді, - деп атап өтті А.Жақсыбеков.

      Еске сала кетейік, Жанель Жұмағалиева – Атырау қаласының тұрғыны, 2013 ж. туған. Жанельге 3 айлығында «Бауыр циррозы» диагнозы қойылды. Ота жасауға қажетті қаражат әлеуметтік желі арқылы жиналды. Отаға керекті қаражаттың 4,2 млн. теңгеден астамын аталмыш компания төледі. 2014 жылы Ж.Жұмағалиеваға әкесінің бауырын орнату отасы сәтті аяқталды. Қыз баланың ауруханадан шығар кезінде тұрғын үйлері қатты жауыннан бүлініп, тұруға жарамсыз болды. Компанияның қызметкерлері бір күндік жалақысы есебінен қаражат аударып, баспанаға күрделі жөндеу жасалды. 

      «Шағын ел» қоғамдық қоры – 2013 жылдың тамыз айында тіркеуден өтті. Қоғамдық қордың құрылуына қажетті алғашқы қаражат – 8 млн. теңгені «Ембімұнайгаз» АҚ бөлді. Орталықтың құрылтайшысы және төрағасы Ерлан Күмісқалиев 2015 жылы «Алтын Жүрек» жүлдесін жеңіп алды. Сонымен қатар, Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен денсаулық сақтау министрі Тамара Дүйсенованың Алғыс хаттарына ие болды. Елбасының Жарлығымен «Шапағат» медалімен марапатталды. Бүгінгі таңда қоғамдық қорда 240 бала ем алуда. 


      Өз тілшіміз

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______     ___     _    _     ______    _  __  
       /_   _//   / _ \\  | \  / ||  /_   _//  | |/ // 
       `-| |,-   | / \ || |  \/  ||   -| ||-   | ' //  
         | ||    | \_/ || | .  . ||   _| ||_   | . \\  
         |_||     \___//  |_|\/|_||  /_____//  |_|\_\\ 
         `-`'     `---`   `-`  `-`   `-----`   `-` --` 
                                                       
      
       
      Наверх