Новости Атырау - Мунайлы Астана

    22 октябрь 2017, 5:00
      Денсаулық 04.01.2017, 15:56 0 пікір 650 просмотров

      Атырау облыстық ауруханасы жаңа медициналық қондырғымен толықты

      Жергілікті бюджет қаржысымен 340 миллион теңгеге сатып алынған ангиограф заманауи медициналық құрылғысы қан айналым жүйесін, жатыр мойны ісіктерін емдеуге мүмкіндік береді. Өткен жылдың желтоқсанынан бері қарай аталмыш құрылғының көмегімен облыс бойынша он жеті ота жасалынған.


      Жаңа медициналық құрылғының көмегімен он сегізінші ота 57 жасар қала тұрғынына жасалды. Науқасқа «мидағы қан айналым жүйесінің бұзылуы» диагнозы қойылған екен. Ангиограф заманауи медициналық құрылғысының жұмысына келер болсақ, адамның ағзасына  артериялық қан тамыры арқылы кішкентай катетер енгізіліп, дәрігер монитор арқылы ішкі ағзаны бақылайды. Мысалға айтқанда, жатырдың мойнына келетін негізгі қан тамыры арқылы аурудың ошағын тауып, бекітеді.

      Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыровтың айтуынша, ангиограф құрылғысы облыс бойынша ауруханаға алғаш рет қондырылған. Бұл құрал инсульт ауруының алдын алу, ауруды уақытында табу диагнозын қойып,  жедел  анықтау үшін тиімді көрінеді.

      Жалпы, дәрігерлердің сөзінше, өңірімізде қан айналым жүйесінің бұзылуына байланысты аурулар қатары көбейгені байқалады.


      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __   _    _     _____      ___      _____   
       \ \\/ // | || | ||  |__  //    / _ \\   /  ___|| 
        \   //  | || | ||    / //    / //\ \\ | // __   
        / . \\  | \\_/ ||   / //__  |  ___  ||| \\_\ || 
       /_//\_\\  \____//   /_____|| |_||  |_|| \____//  
       `-`  --`   `---`    `-----`  `-`   `-`   `---`   
                                                        
      
       
      Наверх