Новости Атырау - Мунайлы Астана

    17 октябрь 2017, 21:02
      Қоғам 04.01.2017, 17:50 0 пікір 422 просмотров

      Қасқырмен жалғыз алысып, малды аман алып қалды

      Оқиға желтоқсан айының 15-і күні түнде Құрманғазы ауданындағы «Мақаш» өндірістік кооперативіне қарасты «Қадыр» қыстағында орын алған.


      Түн қараңғылығында дамылсыз үрген иттердің дауысынан оянып, аула жақты байқап келуге далаға беттеген осы аудандағы «Мақаш» ӨК-нің аға шопаны Әнуар ҚҰБАЕВ, түз тағысының аулаға секіріп түскенін байқап қалып, қолына тиген айырмен қораға кіреді. Екі аяқтыны көрген қасқыр тура оған қарай секіреді. Түз тағысының азулы тістері қолына батып бар жатса да, малын аман алып қалуды ғана ойлаған шопан жан дәрмендеп, қолындағы айырмен қасқырды түйреп үлгереді. Мойнына дәлдеп тиген айырды суырып алғанда, қасқыр жерге сылқ құлайды. Ол қолындағы айырымен түз тағысын екі-үш рет тұмсықтан ұрғаннан кейін барып түз тағысы жан тапсырады.

      - Біз қасқырдың құтырған- құтырмағанын анықтау үшін басын сараптамаға жібердік.

      Жалпы, өндірістік кооперативтің құрамына 5 мыңға жуық қой, 97 түйе, 38 ірі қарасы бар 10 қыстақ кіреді. Қыстақтардың ұзақтығы 200 шақырым. Айналада қамыс көп және бұл қасқырлардың мекен етуі үшін қолайлы жер болып отыр. Біз тек малшыларға үнемі сақ болуды ғана ескерте аламыз, - дейді жоғарыдағы орын алған жағдай туралы түсінік берген «Мақаш» ӨК бас маманы Ерболат ШАЙХЫМЕДЕНОВ.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       ______    _    _     _  __   _    _     _____   
      |      \\ | || | ||  | |/ // | || | ||  |__  //  
      |  --  // | || | ||  | ' //  | || | ||    / //   
      |  --  \\ | \\_/ ||  | . \\  | \\_/ ||   / //__  
      |______//  \____//   |_|\_\\  \____//   /_____|| 
      `------`    `---`    `-` --`   `---`    `-----`  
                                                       
      
       
      Наверх