Новости Атырау - Мунайлы Астана

    17 октябрь 2017, 21:06
      Қоғам 05.01.2017, 18:34 0 пікір 388 просмотров

      Атырауда зейнеткердің үйін тонап, өзін өлтіріп кеткен

       Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жалғыз басты зейнеткерді өлтірген қылмыскерге қатысты қылмыстық іс қаралды.


      Тергеу дерегіне сәйкес, Аққыстау селосының тұрғыны М.А. зейнеткер К.С.-нің  жалғыз тұратынын, жинақ ақшасы бар екеніндігін біліп, жасырын пәтеріне кіріп, 334 721 теңге ақшасын жымқырған. Болған жәйт бойынша зейнеткер өзінің көршісі мен оның үйіне жиі келетін  інісі М.А. – дан күдіктенген екен. Сөйтіп, бір күні қария үйдің дәлізінде көршісін кездестіріп, одан ұрланған ақшаны қайтаруды талап етеді. Сол сәтте қарияның қатты дауысын естіген М.А. ағасының үйінен жүгіре шығып, қолына алған балтамен пәтеріне кіріп бара жатқан зейнеткердің мойын тұсынан соғады. Содан кейін қарияны үйіне сүйреп кіргізіп, өзі қашып кетеді. Мұнысымен қоймай, біраз уақыт өткен соң, қылмысты жасыру үшін адам өлімі болған жерге кері оралып, өлі мүрдені кілемге орап, үйден алып шығып, көшедегі канализация құдығына лақтырып жібереді. Осындай жантүршігерлік қылмысқа барған М.А сот үкімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен (ұрлық), 99-бабының 2-бөлігінің 10-тармағымен (кісі өлімі)  кінәлі деп танылып,  мүлкі тәркіленіп, 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жаза өтеу орны «ерекше» режимдегі түзеу колониясы болып белгіленді. Сот үкімі заңды күшіне енді.  


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____      ___      ______    ______    _____   
       |__  //    / _ \\   /_   _//  /_   _//  /  ___|| 
         / //    | / \ ||    | ||     -| ||-  | // __   
        / //__   | \_/ ||   _| ||     _| ||_  | \\_\ || 
       /_____||   \___//   /__//     /_____//  \____//  
       `-----`    `---`    `--`      `-----`    `---`   
                                                        
      
       
      Наверх