Новости Атырау - Мунайлы Астана

    20 октябрь 2017, 13:05
      Аймақ 06.01.2017, 12:58 0 пікір 380 просмотров

      Полицейлер енді көлікті қалай тоқтатпақ?

      Еске сала кетейік, жақында ҚР ІІМ баспасөз қызметі 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ішкі істер органдарының қызметкерлері көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқшаларды қолданбайтынын хабарлаған болатын.


      Нақты айтқанда, министрлік «Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты халықаралық тәжірибемен танысып, зерттеген болатын. Қазіргі уақытта, бірқатар еуропалық елдерде жол полициясы көлікті тоқтатарда арнайы таяқшаны (жезл) қолданбайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап біздің ішкі істер органдарының қызметкерлері де көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбайтын болады», - деген ақпарат таратты. Енді полиция қызметкерлері көлікті қалай тоқтатпақ? Бұл сұраққа Атырау облысы ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция полковнигі Әлібек Қайров жауап берді.
      -Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №1012 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылымдық реформаларды іске асыру жөніндегі 2014-2015 жылдарға арналған жол картасының 31-тармағына сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ішкі істер органдарының қызметкерлері көлік құралдарында орнатылған дауыс зорайтқыш құрылғылардың көмегімен (жол жүрісін қолмен реттеу, жедел-іздестіру өткізу кезінде, полицияның станционарлық бекеттерінде), көлік құралына бағытталған қол қимылы сигналын беру жолымен бірмезгілде ысқырық сигналы арқылы жүзеге асырылады.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____      ___      _____    _    _     _  __  
       / ____||   / _ \\   / ____|| | || | ||  | |/ // 
      / //---`'  | / \ || / //---`' | || | ||  | ' //  
      \ \\___    | \_/ || \ \\___   | \\_/ ||  | . \\  
       \_____||   \___//   \_____||  \____//   |_|\_\\ 
        `----`    `---`     `----`    `---`    `-` --` 
                                                       
      
       
      Наверх