Новости Атырау - Мунайлы Астана

    14 декабрь 2017, 6:32
      Аймақ 06.01.2017, 14:05 0 пікір 526 просмотров

      Атырау - Орал тасжолындағы не ойық?

      Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйі қалай?  Атыраудан жан-жаққа шығатын жолдардың сапасы көңіл көншіте ме? Бұл сауал кім-кімді де мазалайтыны анық.


      Өйткені, жол апаттары да көп жағдайда жол сапасыздығынан орын алып жатады емес пе? Байқауымызша, бүгінде Атырау-Орал тасжолының бойында үлкен ойықтар көп. Ол кеше ғана түсірілген мына суреттерде анық көрінеді. Көлік жүргізушілердің жүйкесіне тиген бұл не ойықтар? Оны жөндеу кімнің құзырында? Біз осы сауалдарға жауап іздеп «ҚазАвтоЖол ҰҚ» АҚ-ның Атырау филиалына хабарластық. Филиал басшысының міндетін атқарушы Аслан ДҮЙСЕНОВ мәселенің мән-жайын былайша түсіндіріп берді.
      -Аталған тасжолдың жай-күйінен хабардармыз. Соңғы уақытта ол жолдың бойында көліктің астын соғатын үлкен ойықтар пайда болды. Оны жөндеуге «Қазавтодор» мекемесі тендерді ұтып алған болатын. Тиісті қаражат та бөлінді. Олар өткен қазан айына дейін үлгергенінше жолдың бетіндегі ойықтарды жөндеді. Бірақ, өздеріңіз білесіздер, биыл күн ерте суытқандықтан жұмыстар тоқтап қалды. Өйткені, ондай жөндеу жұмыстары күн жылы кезде жасалуы керек. Алдағы көктемде күн жылынысымен жолды жөндеу жұмыстары жалғастырылатын болады, - деді ол. Демек, көрші облысқа қатынайтын көлік жүргізушілері жолдың жөнделуін көктемге дейін күтетін болды.

      Фотосуреттер Атырау фейсбук қолданушылары парақшасынан алынды.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____    __   __  __    __    _____    __   _   
       /  ___||  \ \\/ // \ \\ / //  |  ___|| | || | || 
      | // __     \ ` //   \ \/ //   | ||__   | '--' || 
      | \\_\ ||    | ||     \  //    | ||__   | .--. || 
       \____//     |_||      \//     |_____|| |_|| |_|| 
        `---`      `-`'       `      `-----`  `-`  `-`  
                                                        
      
       
      Наверх