Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 октябрь 2017, 11:52
      Аймақ 09.01.2017, 11:28 0 пікір 379 просмотров

      Атырауда екі күн ішінде 500-ге жуық адам тіркеуден өтті

       Атырау облыстық ХҚКО баспасөз қызметінің хабарлауынша,  өткен 7,8 қаңтар  демалыс күндері жұмыс жасаған №1, №2 бөлімшелерде 500-ге жуық адам тіркеуден өткен. Сенбі, жексенбі күндері орталық бөлімшелеріндегі барлық фронт – офис қызметкерлері сағат 15.00-ге дейін тұрғындарды қабылдаған.


      Еске сала кетейік, жаңа жылдан бастап елімізде тіркелудің жаңа шарттары мен тәртібі қолданысқа енгізіліп жатыр. Бұл жөнінде мәлімет таратқан  Ішкі істер министрлігі заң талаптарын бұзғандардың жазасыз қалмайтынын ескерткен еді. Яғни, уақытша тұрып жатқан жерінде бір айдан аса уақыт тіркеусіз тұрғандарға 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде - 16 мың теңге айыппұл салынады. Ал, екінші мәрте тексеру кезінде заңбұзушылық анықталса, кінәлі адам 29 500 теңге айыппұл төлейді. Сондай-ақ, жалға алушыларды тіркеуге қоймаған пәтер иелері 22 600 теңге көлемінде айыппұл төлемек. Жақында жаңа заңның негізгі ережелері туралы баяндаған ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаменті басшысының орынбасары Галина Сәрсенова басқа қалаға ұзақ уақытқа емделуге немесе ауруханаға жату үшін барған адамдардың да сол жерде тіркелуі тиіс екендігін, тіпті, басқа қалада жұмыс жасайтын, бірақ, қонақүйде тұратын адамдардың тіркелуі қажеттігін айтты.Қазір тіркелу барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізіліп жатыр. Үкіметтік портал арқылы тіркелуге де мүмкіндік жасалуда. Ол үшін үй иесінің келісімі, жеке куәлігі және тіркелушінің төлқұжаты қажет. Тіркелетін үй иесінің өзі немесе нотариус куәландырған сенімхатымен қатар тіркелу үшін 227 теңге төлегені туралы түбіртек болуы керек. Оған тіркелушінің өзі қатысуы тиіс. Елімізде уақытша тіркеусіз азаматтарды анықтау келесі айдан басталмақ.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _      ___      _____     ______    ______  
      | || | ||   / _ \\   / ____||  /_   _//  /_____// 
      | || | ||  | / \ || / //---`'   -| ||-   `____ `  
      | \\_/ ||  | \_/ || \ \\___     _| ||_   /___//   
       \____//    \___//   \_____||  /_____//  `__ `    
        `---`     `---`     `----`   `-----`   /_//     
                                               `-`      
      
       
      Наверх